ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС — ҚОҒАМҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ» деп атап көрсетті. Әрине, коррупциямен күрестегі негізгі жауапкершілік мемлекеттің мойнында екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, жемқорлықпен күрес тек мемлекеттің емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті екенін ұмытпау керек.

Қоғамның осынау дертімен күресте мемлекет пен азаматтардың өзара серіктесіп, бірлесіп әрекет жасауына не кедергі? Біздің ойымызша, бұған ең алдымен қоғамның, жеке азаматтардың елдегі құқық қорғау жүйесіне деген сенімінің әлсіздігі кедергі болып отыр. Жемқорлықпен күрес барысында азаматтар мемлекетпен әріптестік байланыс орнатуы үшін алдымен құқық қорғау жүйесіне деген қоғамның, халықтың сенімін қалыпқа келтіруіміз керек. Өткен жылы тап осы мақсатта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан ақпараттық ағарту штабы құрылған болатын.

2019 жылдың 25 желтоқсан күні осындай штаб Түркістан облысында да құрылды. Оның құрамына оңтүстік өңірдің зиялы қауым өкілдері ғалымдар мен өнерпаздар, журналистер мен заңгерлер енді.

Ақпараттық ағарту штабын құрудағы мақсат –  азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда өзара іс-қимылды күшейту және түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу. Бұл өз кезегінде халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға, сондай-ақ  жастардың бойына адалдық пен әділдік секілді ізгі қасиеттерді сіңіруге ықпал етеді.

Жыл басынан бері ақпараттық ағарту штабының мүшелері облыстың барлық аудан-қалаларында 70-тен астам кездесу өткізді. Оған 5 мыңнан астам азамат қатысты. Жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бұл шараларда қатысушыларға бүгінгі күні жемқорлықтың алдын алу ісіне мемлекеттің айрықша басымдық беріп жатқандығын жеткізуге ұмтылдық. Әсіресе, жастарға жемқорлықтың тұтас қоғамға және олардың өздерінің жеке өміріне орасан зор залал келтіретінін ұғындыруға тырыстық.

Егер әрбір азамат жемқорлықтың кез келген көрінісіне дереу қарсы шығып, дереу құқық қорғау органдарына хабарлап отырса, біздің қоғам бұл дертті жеңіп шығары сқзсіз. Сондай-ақ, еліміз коррупциядан таза қауіпсіз, жайлы, адал әрі әділ болғанын қаласақ қарапайым адамдар пара алмаудың ғана емес, қандай жағдайда болмасын пара бермеудің маңызды екенін түсінуі тиіс. Ақапарттық ағарту тобының кездесулерінде біз халыққа осы қағидаларды түсіндіруге күш салдық.

Үмбет ЖҮСІПБАЕВ,

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Түркістан облысы бойынша департаменті

жанындағы ақпараттық-ағарту штабының мүшесі.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news