Жемқорлық адамзат баласының дерті.

 Жемқор. Бүгінгі нарық заманының ең  ауыр індеті де, ең ауыр аты да осы сөз шығар. Кім өзін жемқор атанғанын қалайды дейсіз?! Бірақ атын қаламаса да, осы бір жолмен келетін қандайда бір пайданы шімірікпей қалтасына басатындары бар. Ауруын жасырғанның өлетінін ескерсек, қоғамда бар дертті жоқ  деудің  қажеті шамалы. Бәрі осы жасырудан басталып отыр…  Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: Қолында билігі бар адам қылмыс жасауға бейім тұрады және ол тиісті шекке жетпейінше, әрекет жасай береді, — деген екен. XVII-XVIII ғасырда жазылған бұл тұжырымның бүгінгі күнге дейінгі өміршеңдігіне қоғамда болып жатқан оқиғалар дәлел бола алады. Тіпті жемқорлық фактілері б.з.д 2,3 мыңжылдықтарда да кездескен.   Өкінішке орай, біздің елді де бұл мәселе айналып өткен жоқ.

 Тәуелсіздік алған бойда, бірден нарықтық кезеңге түсе қалған Қазақстан үшін алдымен эканомикасын көтеріп алу керек болды. Барлық күштер тікелей сауда мен халықаралық қатынастарға бағытталды. Бірақ  қиын кезеңде, әлі толық қалыптаса қоймаған мемлекет байлығын қалтасына басқысы келетіндер де күрт көбейді. Жаһандану кезеңіне аяқ басқан Қазақстан ол кезде мемлекеттік қызмет пен қаржы секторын толық сандық жүйеге ауыстырып үлгермеген еді. Сондықтан болар, ел қазынасын жымқырып шетел асқан қандастарымыз аласапыран кезеңде қаптап кетті. Бұл тұрғыда,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: «Сыбайлас жемқорлық – бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес», — деп жемқорлықтың аса қауіпті індет екенін айтады. Ия, бұл індет. Ал індетке қарсы ем болу керек, анығында иммунитет күшті болу керек. Соңғы жиырма жылдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты жазалаулар әкімшілік деңгейден қылмыстың ең ауыр түріне дейін теңестірілді. Заң қатал. Соған сәйкес  жемқорлықтың алдына да біршама тосқауыл бола алды. Бірақ түп тамырымен жою мүмкін болмай отыр.

 Сызған ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі де  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою салдарымен күресу және   сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында тиісті іс – шаралар легін атқаруда. Атап айтқанда, мекеменің ресми сайтында: «Жемқорлыққа қарсы әрекет», «Сервистік аймақ»,   «Бос жұмыс орындары», «Мемлекеттік сатып алу», «Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі «, «Нормативтік құқықтық актілер» және басқа да ақпараттар заң нормаларына сай орналастырылған.

 Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі және «сенім телефоны», ақпараттық бұрыш, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы ақпаратты орналастыру стенді,   Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мекеме ғимаратында орнатылған.Бұл нормалардың бәрі осы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін барынша жариялық негізінде жүзеге асып отыр

 Жемқорлық фактілері көбінесе мемлекеттік қызмет салаларында тіркелгендіктен, қазір мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын сандық жүйеге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлем елдері бұл

 індетпен күресу үшін бірінде жаза күшейтіліп, бірінде жалақы көлемін арттырып, мемлекеттік қызметкерлер санын азайтып жатыр. Тіпті, көрші Қытай елі жемқорлыққа қатысы барларды өлім жазасына кесуді қолға алған. Осылайша, жемқорлықпен күрес бүкіл әлемнің алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр.

 Сызған ауылдық округі әкімі 

 аппаратының бас маман заңгері         

 Б.Жаппаркулов

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news