Жастарға айтар тілегі бар жан еді….

Жастарға айтар тілегі бар жан еді.... 1Аудандық  Сұлтанбек Қожанов атындағы музей үйінде жазушы, тарихшы, драматург Дулат Тұрантегінің туылған, өмірге келген күні құрметіне еске алу шарасы өтті. Шараны ұйымдастырған Дулат көкеміздің өзі ашқан, ірге тасын қалаған, мұралар мен жәдігерлерін қолмен жинап, музей еткен музей үйінің қызметкерлері. Аталмыш шағын шараға Дулат Тұрантегінің ұлы Бақытжан, қызы Полина, күйеу баласы Сәкен, немерелері Камила, Марғұлан, Айша, аудандық ардагерлер кеңесінің және аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қабылбек Еспенбетовтер қатысты.Шара шеңберінде жазушының немерелері аталарының жырларын жатқа айтып берсе, Кабылбек, Сәкен  ағайлар, Бақытжан ағамыз бен Полина әпкеміз Дулат көкеміз туралы тың естеліктер айтып өткен жылдардың  қойнауына сапар шекті. Шараны Аудандық  Сұлтанбек Қожанов атындағы музей үйінінің директоры Ниязәлі Дүйсенбек ашып қонақтарды, жазушының ұрпақтарын аталарының туылған күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді.Жазушы, драматург  Дулат Тұрантегін еске алу және шығармашылығын, өнегелі ғұмыр жолын насихаттау  мақсатында ұйымдастырылған басқосу шарасы таңертең басталып түс әлетінде мәресіне жетті. Шара соңында Дулат Тұрантегінің ұрпақтары игі бастаманы ұйымдастырған музей үйінің басшылығы мен қызметкерлеріне өз отбасыларының атынан ризашылықтарын білдірді. Артында өлмес мұрасы қалған тектіліктің теңдессіз иесі Дулат атамыздың рухы бір аунап түскен шығар.

Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news