Жартытөбеліктер жылыту маусымына дайындалуда

 Иә, «Қыстың қамын жаз ойла» деген қанатты сөз бар ел арасында. Дегенмен, осы күндері бабалардың сол ескертпелеріне аса құлақ аса бермейтін боп алдық па деп ойлаймын кейде. Олай дейтінім, соңғы бір отыз жылдай уақыт тура бір хакім Абайдың мәшһүр өлеңіндегі көгалды қуып, гөлайттап, Қызықпен жүріп жазды алған. Ыршып жүріп ән салған шырылдауық шегірткеге еліктеп кеткендейміз. Тағы да өзіміздің қазан, қараша айларындағы алғашқы суықпен жағаласып жүріп тұрғын үйлерімізді күрделі жөндеуден өткізуімізді, жаңадан пеш соғуларымызды және отын- су дайындауларымызды ақтап: «Күз кеп қалды- ау, қазекем әрекетке көшіпті ғой» дейтінімізді қайтесіз. Кім біледі, бәлкім біз үшін өмір осындай қарбаластарымен қызық шығар. Әйтеуір, сол тойға да асықпай баратын алаңсыздығымыз шаруамызға бей- жай қарауымызға ұласқан секілді ғой.

 Міне, ауыл жұртының осы бір алаңсыздығынан хабардар аудандық басылым, «Созақ үні» газетінің  жылда аудан жұртшылығын «Ау, ағайын! Жаз бітті, күз келді. Қылышын сүйретіп қыс келе жатыр. Шегірткенің образынан шығып, шаруаңызға көңіл бөліңіз»,- деп ескертіп отыратын әдеті бар. Себебі, аудандық басылымымыз Ахаң айтпақшы, халықтың көзі, құлағы һәм үні ғана емес, жанашыр жолдасы да. Осы себепті де жылыту маусымы жақындағанын ескеріп, әріптестерімізбен кеңесіп, ауыл- ауылдардың қысқа қамы жайлы қысқа хабар дайындауды жөн көрдік.

 Сонымен, жылыту маусымына қатысты алғашқы жылы жаңалықты Жартытөбе ауылдық округінен алдық. Әрине, бұл жағымды жаңалықтың да жаршысы  осы ауыл әкімдігінің бас маманы Келдібеков Мұрат Оралұлы болды. Мұрат Оралұлының айтуынша, Жартытөбелік әлеуметтік жағынан аз қамтылған  30 отбасыға жылу сыйлаған өндірісте істейтін  жомарт жүректі жандар боп шықты. Бұлай дейтінім, «Орталық ӨК» деп аталатын ЖШС- тің қызметкерлері осы ауылдық округке кіретін үш елді мекеннің 30 жанұясына 2 тоннадан қатты отын (көмір) түсіріп беріпті. Сондай- ақ, бұл ЖШС ұжымы жылда жаңа жылдың қарсаңында осы Жартытөбе ауылдық округіне қарасты мектепке дейін білім беретін балабақшалар мен шағын орталық тәрбиеленушілеріне мерекелік сыйлықтар үлестіретін көрінеді. Сонымен қатар, 8 наурыз және 9 мамыр мерекелерінде Жартытөбелік аналар менсоғыс ардагерлерін тиесілі мейрамдарымен құттықтап, сый- сыяпат жасауды әдетке айналдырған екен.

 Шынында да осындай қиын- қыстау сәттерде елмен бірге болып, оларға аз да болса қуаныш сыйлауды адамгершілік демей көріңіз. Әркім өзінің күйін күйттеген мынадай алмағайып заманда еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін көңілін аулауды, онсыз да тағдырдың тауқыметі қысып тұрған шақта әл- ауқаты төмен отбасыларға жылу сыйлауды ерлік емес деп көріңіз. Өйткені, суық күнде даладағы шаруасын тындырып, малын жайғап үйіне кірген ауыл адамы жылы үй, ыстық тамақ, баланың риясыз күлкісінен басқа не істесін.

 Ендеше, сөз соңында Жартытөбелік жерлестерімізге жылу сыйлап жандарын жадыратып жүрген жаны жайсаң, «Орталық ӨК» ЖШС- гі ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Қазақ айтады осындайда: «Жағың түспей жамандық көрме»,- деп. Мен айтқан болар ем: «Жақтарыңыз түскеннен кейін де жамандық көрмеңіздер»,- деп. Себебі, бұл дүниеде жасаған қайырлы ісіңіздің сауабын көру асыл, сол жағыңыз түскеннен кейін қажет болады.

Данияр Құл- Ахметұлы

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news