Жапырағын жайған бәйтерек

  Бірде әкем «Жинал! бір жерге  барамыз»—деп қасына ертіп алды. Содан орталық көшемен жүріп отырып қазіргі орталық мешіттің орнында Тобаш ағайдың еркін күрес секциясы бар екен. Әкем мен Тобаш ағай келісіп қойған ба? Мені ағайға тапсырып өзі жұмысына кетті. Кейін бір-екі жылдан кейін Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептен Аманғали ағай мен Толик ағай футбол секцияларын ашты. Мен Аманғали ағайдың секциясына барып футболға ауысып кеттім. Мен үшін әкем сол кезде Мәскеуден шығатын «Художник», «Южный художник» журналдарын арнайы жаздырып алатын еді. Өзімнен кейінгі іні-қарындастарымды да әкем қамқорлықсыз қалдырмайтын. Інім Шоқанды саз мектебінің домбыра үйірмесіне берді. Қазір ойлап қарасам әкемнің өз ұрпағына деген әкелік қамқорлығы екен ғой. Асыл әкем ең алғаш «Қарындасым» деген очерк жазып, аудандық «Молшылық үшін» газетіне қызметке шақырту алған екен. Ол кезде әкем Созақта шаруашылықта сиыр бағып жүрген екен. Үлкен әжем, шешем Үрлаш, әкем және қарындасым Сәрсенкүл төртеуі Шолаққорғанға қоныс аударыпты. Біз сияқты кейінгі балалары осы Шолаққорғанда дүниеге келдік.

 Бір жылдары әкем Бәйітбек Есжанов «Созақ халық театрында» жұмыс жасады. Ол кезде бала кезіміз театрдағы қойылымдарда  ығы-жығы халық көп болушы еді. Сондағы әр спектакль аншлагпен өтетін.

 Әкем Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» спектаклінде Шұғаның әкесі ролінде ойнаушы еді. Үйде өзінің жазу үстелінің тартпасында жапсырма сақал-мұрттар жүретін.Әкем Бәйітбек көп жылдар осы «Молшылық үшін» газетінде «ауыл шаруашылық» бөлімін басқарды. Іс-сапарларға жиі шығып қарапайым еңбек адамдары жөнінде талай-талай очерктер жазды. Ол кісі өте кітап құмар адам еді. Оқыған кітаптары екі кітап шкафында сыймай тұратын.

 Зейнетке шығар шағында Шопан атаның таяғын ұстап, «Шу» кеңшарына қойшы болып кетті. Шопан бола жүріп аудандық газеттен қол үзбей мақалалар жазып жүрді.

Мен әкеммен мақтанамын.

Съезбек Бәйтбекұлы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news