Жаңа бағдарлама – жаңаша көзқарас

 2020 жылы 07.09-25.09 аралығында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курсы онлайн форматында өткізілді. Жоғарыда аталған курсыты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қызметкерлердің біліктілігін  арттыру  институтының  аға  оқытушысы Тулегенова Бекзада Сайдихановна дәріс өтті. Кәсіби білімімізді арттыру басты міндетіміз. Сабақ өтудің  әдістемесі бізде егжей-тегжей түсіндіріліп, талқыланды. Ал сол әдіс-тәсілдерді сұрыптап пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті қажет етеді. Мектептің бастауыш сатысында оқушылардытәрбиелеу мәселесі ең негізгі талаптарының біріне саналады. Курс барысында «Тіл және әдебиет» білім  саласы оқу пәндері мазмұнының ерекшеліктері және оқыту  технологияларын таңдау практикалық сабақтар жүргізілді. Ана тілі оқулықтарындағы көркем шығармалардың барлығы балаға өмір танытарлық қызмет атқарары сөзсіз. Бастауыш сыныптардағы оқытудың мазмұнында ерекше орын алатын пән–ана тілі. Ана тілі пәнін оқытуда педагог басшылыққа алуға тиісті негізгі міндеттері:

-бастауыш сынып оқушыларының оқу техникасын игерту;

-оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интелектуалдық, көркемдік адамгершілігін қалыптастыру;

-жазушы туындысында бейнеленген дүниелерді эстетикалық тұрғыдан қабылдауға қажетті білімжәне біліктілікпен қаруландыру;

-оқушының логикалық ойын, ауызша дұрыс сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

 Оқушының оқу–танымдық әрекетін қалыптастыруда оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын оқу үрдісіне енгізудің маңызы ерекше.  Бастауыш сыныптағы тілі, сабағы оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін және танымдық, білімділік, іскерлік, шығармашылыққа баулу жолдарын іздестіре отырып, жазушы – мұғалім шәкірт арасында рухани қарым-қатынасты айқындайды. Сондықтан бұл процесті жаңаша ұйымдастырудың маңызы зор. Шығармашылық дегеніміз– оқушылардың даралық бейімділіктері мен қабілеттерінің көрінісі. Ал бейімділік– бұл адамның белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, көңіл қоюы, оянып келе жатқан қабілеттің белгісі.

 Балалық кезде көзге түсетін бейімділіктердің келешекте олардың қабілет көрсеткіштері екенін ұмытпағанымыз жөн. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Баланың қабілетімен талантын дамытуды неғұрлым ертерек бастаса, соғұрлым оның қабілеті толық ашылуы мүмкін.

 Егер баладағы қабілетті мұғалім байқамаса ол бала  басқа оқушылармен бірдей болып қалады.

 Сондықтан,  бастауыш сынып оқушыларының қабілеттің дамуына ықпал ете білуіміз керек.  Ең маңыздысы сыныптағы оқушыларға тапсырмаларды бірдей етіп беріп, үлгерімі жоғары оқушыны зеріктіріп алмау. Мұғалім оқушының қабілетін сабақта үздіксіз ескеріп отырғаны дұрыс, яғни ана тілі пәндері үшін мынадай әдістерді ескерген жөн: ана тіл сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың әдісін қалыптастыра білу, баланың өз ойын айқын ашуда әдеби тіл шеберлігіне мән беру, қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру, «сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз»-деген сөздермен оқушыларды үнемі шабыттандырып отыру, үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеріп жұмыс жасау.

 Білім сапасын арттырып, бала  қабілетін дамытуда оқушыға қойылатын талап деңгейі біртіндеп күрделене түскені жақсы.  Ана тілі сабағында оқушыларға білім  стандарты  мен  оқу бағдарламаларының талаптарын басшылыққа ала отырып, төрт түрлі деңгейде тапсырма берген жөн.

 Оның бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айта білуі, екінші деңгейде кейіпкерлерге мінездеме беру,  үшінші деңгейде шығармадағы көркем сөздерді тауып оқу, сөздік жұмысын ұйымдастыру, төртінші деңгейде мәтінге деген өз көзқарасын білдіру, мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу. Бұл тапсырма бойынша 1,2,3 –деңгейлерге оқушылар түгел жауап беру тиіс. Төртінші деңгейді орындайтын оқушылар біртіндеп дараланып шыға бастайды. Осы әдістерден кейін тапсырмаларды орындау–шығармашылық жұмыстың бастамасы болмақ.

 Оқушының жеке ерекшеліктерін,  ынтасы  мен  қызығушылықтарын,  (бейімділігін)  еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізу керек. Бала бойындағы қасиетті үздіксіз жетілдіріп, өзіне танытқан абзал. Бастауыш сынып мұғалімінің үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі талап етіледі. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты жеңілден қиынға қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін құрып,  оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу.

 Сонымен жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып оқушының шығармашылық қабілетін арттыруда төмендегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.  Берілген білімді сапалы, жүйелі меңгерту, білімнің өмірмен байланыстылығын сезінуі, өзіндік жұмыстарды ғылыми тұрғыда орындауы, тірек–сызбалар құрастырып, өздігінен жоспар жасауы, моделдеу, жобалау әдістерін өмірде пайдалануға ықпал ету. Ең жоғарғы нәтижеге жеткен бала білімді, іскер,  шығармашыл және дарынды субьект ретінде танылады, яғни шығармашыл тұлға қалыптасады.

Нұржамал ДҮЙСЕБЕКОВА,

А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...