ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

Созақ ауданының «Руханижаңғыру» жобалық Офисінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іске асыру барысы мен алда тұрған міндеттер жөнінде брифинг өтті. Брифингке қатысу үшін облыстың «Рухани жаңғыру» жобалық Офисінің мамандары Гүлжан Серікқызы һәм Мөлдір Бекеева теріскей топырағынаарнайы табан тіреді.Жиынға «Созақ үні» газетінің тілшілері қатысты.

Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының іске асу барысын Созақ ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Құралбекұлы Сағындық баяндады. Ернар Құралбекұлы қысқаша баянында «Атамекен» кіші бағдарламасы аясындағы демеушілік жобалар, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясындағы төлтума мәдениетімізді дамыту һәм мәдени мұраларымызды ұлықтау бағытындағы тындырымды тірліктер, «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясындағы өскелең ұрпақтың рухани иммунитетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жөнінде кеңінен тоқталды.

Брифинг семинарға ұласты. Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» жобалық Офисі жетекшісінің міндетін атқарушы Гүлжан Серікқызы бағдарламаны іске асыруға жауапты салалық бөлімдердің мамандарына жаңа арнайы жобалар — «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр мен ғұрып» жобаларының мәні менен принциптерін түсіндірді. Коронавирус пандемиясына байланысты кейбір жобаларды іске асыру концепцияларына енген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде әңгімеледі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының ауданымызда іске асуына жауапты мамандар өзара пікір алмасты, Жобалық Офис мамандарына көкейдегі сауалдарын қойып, жауаптарына қанағаттанды. Облыстың «Рухани жаңғыру» Офисімен қоян-қолтық байланыстарын бекемдеп, жаңғыру жолындағы жұмыстарын жандандыра түсуге уағдаласып тарқасты.

Жандос Нарқозы,

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news