Ынтымақ-тұрақтылық пен бірліктің кепілі

 Еліміз тәуелсіздік алған сәтте әлемдегі көп ұлтты, көп дінді мемлекеттердің біріне айналды. Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Ата заңымыздың 14-бабында «…тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрағылықты жеріне байланысты немесе өзге де жағдаяттар бойынша ешкімге ешқандай кемсітуге болмайды» деп жазылуы, еліміздегі ешбір ұлттың, өзге дін өкілінің өзін, өз бауырындай санаған.

 Қазақстандықтардың ең бірінші ұстанған бағыты ауызбіршілік, ынтымақ, елдің ішіндегі тұрақтылық деген ұлы қасиеттер болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында:

-Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.   Сондай-ақ Елбасы қол қойған Жарлықтың арқасында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып танылды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халықаралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды.

 «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» дейді халқымыз. Кешегі өткен хандар мен қағандардың дәуірі ғана емес, соңғы отыз жылдағы жасампаздық жолымыз да бүгінде тарихқа айналып, күн сайын алыстап барады. Азаттық таңын өз көзімен көрген алдыңғы буын болмаса, кейінгі жастар өткен ғасырдың 90-жылдарындағы тарихи оқиғалардың тереңіне бойлап, мәнін жете түсіне бермейді. Тәуелсіздікке тағдырдың бере салған сыйы ретінде қарайды. Шын мәніндегі ахуал олай емес.

 Елбасы сол кездегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа да жағдайларға байланысты жеті рет емес, жетпіс рет өлшеп, бір рет кесуге мәжбүр болды. Біз тығырықтан шығар жолдың саңылауы да көрінбейтін қиын күндерден қақтығыс пен қантөгіске ұрынбай аман шығып, ешкімге есемізді жібермей, жаңа сипаттағы Қазақ мемлекетін құрдық. Бүгінгі және болашақ ұрпақ мұны әрдайым біліп отыруы керек» деген болатын.

 Саналы адамның табиғаты сондай өзінің туыстарын  мен ұлтынан, елін рухани бірліктегі бауырларын жақын  тұтып, соларға  жәрдем  етуге бейім болады және қажет болған кезде солардан қолдау күтіп, көмек сұрауға да дайын тұрады. Бүгінде тәуелсіз мемлекет атанып, ел, халық болып қалыптасудың күрделі үдерістерін бастан кешіріп жатқан кезеңде ұлттық келісімді, дінаралық татулықты қамтамасыз ету бүгінгі күннің өзекті міндеті болуы да сондықтан.

 Елбасы  Н.Ә.Назарбаев: «Кeз кeлгeн xaлықтың pyxaни мәдeниeтiнiң нeгiзiн кeлiciмгe, бeйбiтшiлiккe, әдiлдiккe ұмтылyды құpaйды. Көп ұлтты қaзaқcтaндық мәдeниeткe тән pyxaни бacтaмaлapды нығaйтy мeмлeкeттiк caяcaттың мaңызды бөлiгi. Жыл caйын Қaзaқcтaндa Рyxaни кeлiciм күнi aтaп өтiлeдi. Қaзipгi тaңдa түpлi этноcтap мeн дiнгe жaтaтын aдaмдapды бipiктipyгe қaбiлeттi pyxaни құндылықтapды бeкiтy тұpaқты күш-жiгepдi, түpлi eлдepдiң ғaлымдapы, дiни көшбacшылapы, мәдeниeт жәнe өнep қaйpaткepлepi тapaпынaн үнeмi нaзapды қaжeт eтeдi. Дүниeжүзiлiк pyxaни мәдeниeт фоpyмын өткiзy қaзipгi әлeмнiң pyxaнилығын нығaйтyғa, өpкeниeттep мeн мәдeниeттep үн қaтыcyлapын кeңeйтyгe мaңызды қaдaм болaтындығынa ceнiмдiмiн», – дeгeн болaтын.

 Қоғaмның ынтымaғы мeн бipлiгi, Иcлaмның өpкeндeyi үшiн жacaғaн қызмeттepi, pacындa дa, үлкeн жeтicтiккe жeткiздi. Қaзipгi тaңдa көпұлтты тәyeлciз Қaзaқ eлiнe дүниeжүзiндeгi көптeгeн eлдep қызығa қapaп келген. Ceбeбi жүздeн acтaм ұлт пeн ұлыcтapдың бepeкe-бipлiгi мeн ынтымaғын жapacтыpa бiлгeн eл кeмдe-кeм. Елімізде 130 – тан астам түрлі ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр, олардың тіліне, мәдениетіне, дініне қарамастан, бір тудың астында татулық, бірлікте өмір сүріп жатырмыз. Зайырлы мемлекет бола тұра, өз дінін ұстанып, өзге дінді құрметтеуге еліміздің әр азаматы мүдделі десек артық айтпаймыз.

 Қазақ халқының тәрбиеге тұнған мақал-мәтелін алып қарасақ та, түбі құран аяттары мен пайғамбар хадистеріне тіреледі. Өйткені адамзаттық тәлім-тәрбиенің бастауы исламда жатыр. Асыл рух – ұлт байлығы, ал оның жетістігі – біржақты жеке мүдделерді жеңе отырып, әлем елдерін рухани келісімді асқақ­татуға шақыру болып табылады.Ұрпағымыз осы рухани келісім әрқашан бірлік екеніне сенсе, сонда ғана бірлік пен береке болмақ. Өз туған жерімізде рухани мәдениеттің не екеніне түсіне бермейтін жандар бар. Негізгі мәдениет ол имандылық, адамгершілік. Өзіміздің дінімізді тілімізді білмеу ол сауатсыздық. Әдептілік, этика, эстетика, жайлы көп түсіндірсек, сонда ғана жас ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей аламыз.

 Рухани келісім, бірлік арқылы шешілетініне көз жеткізе алады. Рухани келісім тұрақты түрде жеткізіліп отыра береді. Мәдениеттілік, имандылық, адамгершілік, ибалылық, адалдық барлығы осы рухани келісімге жатады. Адам баласы өмірде осы айтылған нәрселердің барлығын бойына сіңіре білсе, ол нағыз иманды адам болып саналады. Басқа ағым жетегінде кетпеу, ол адамзат баласының өз қолында.

 Күн сайын өзгеріп, түрленіп жатқан алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Сондықтан бейбітшілік пен бірлік, ынтымақ пен татулық – еліміз үшін қастерлі де қасиетті ұғым.

 Сондай-ақ біз оқыған Президент мақаласында «Дарынды жастардың бәрі шетелде жүрген жоқ. Ел ішінде де білікті әрі білімді өрендер жетіп артылады. Біз оларды басшылардың жаңа буынын дайындауға барынша тартып жатырмыз. Менің бастамаммен құрылған Президенттік кадр резерві – осының айқын дәлелі. Жобаның келесі кезеңінде қоғам мүддесіне адал көшбасшыларды іріктеуге ерекше назар аударамыз. Билік органдарындағы азаматтар, ең алдымен, ұлттық мүддеге берік болуға тиіс.

 «Жас келсе – іске» дейді халқымыз. Жастар– қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек. Осы орайда Президент жанындағы Жастар кеңесінің қызметін жандандырған жөн. Оны білікті әрі білімді жастарды жұмылдыратын жүйелі жұмыс алаңына айналдырамыз. Бұдан бөлек, мен азаттық жылдарында дүниеге келген, әлі танылып үлгермеген талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды ұсынамын.

 Біз не істесек те, бәрін келер ұрпақ үшін жасаймыз. Мемлекеттік саясаттың болашақ алдындағы жауапкершілігін терең сезінеміз. Бұл ұстанымнан ешқашан айнымаймыз. Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отан сүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету.

 Адам баласы дүниеге патриот болып келмейді. Ол білім мен тәрбие алып, әлеуметтік ортамен араласып, азаматтық болмысын қалыптастыру кезінде патриотқа айналады. Өзінің жеке мақсат-мүдделері қоғам игілігімен үндесіп, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан-жүрегімен сезінген адам нағыз бақытқа кенеледі» деген Президент сөзі жалаң ұранға еріп кетпей, арандатулар мен бас бұзарлардың жетегіне жегілмей сабырлы да саналы мінезде болуын қалаймыз. Осы тәуелсіздік деген қасиетті дүниені қолдан шығарып алмайық. Қолдан шығып кетсе қайтып қайтарып алуымыз дүдамал. Сол себепті елдің ауызбіршілігі мен ынтымағы, тұтастығы мен татулығы деген ұғымдарды ұстана білейік. Арамызда аранын ашып айлакерлік пен алауыздықтың отын жағып, ындымағымызды ыдыратып, татулығымызды талапайға түсіріп, ауызбіршілігімізді алауыздық орына итермек болып жүрген қаскөйлерден сақтанайық.

Тәуелсіздік армен келген жеңісім,

Желбіреген көк байрағым төбемде.

Асау сезім, мол қуаныш, зор екпін,

Сия алмайды ол, ақ параққа, өлеңге!

Байтақ елім, егемендім, бақ таңым,

Гүлге толы еңісім мен шатқалым.

Қазақстан ғазиз өлкем, пәк анам,

Болашағым, болар бағым, мақтаным.

Есімізді енді жиған шақтарда,

Ерте қырау түскені ме бақтар ға.

Алауыздың аранына ілігіп,

Қапылыста түсіп жүрме қақпанға.

Ғимаратта, гүлзар бақ та, көшеде.

Маңдай тері сендей, мендей халықтың.

Қирандыға айналдырып қалаңды,

Айналайын аңқау халқым не ұттың.

Жетегіне еріп кетпе желпініп,

Арам ойлы қара ниет дұшпанның.

Қанша азамат жапа шекті, қайғыда,

Өзің ойла ұтылған кім, ұтқан кім?

Тәуелсіздік бабалардан мұрадай,

Бізге жеткен армандардың өлшемі.

Аялайық, айырылмайық бізге серт,

Ал айырылсақ кешірмейді ол сені.

Бізге керек ынтымақ пен тұтастық,

Ауызбірлік, амандығы халықтың.

Айналайын ақ пейілді ағайын,

Төбемізде нұрын төксін жарық күн!

Мақсат ЖЕҢІСҰЛЫ

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...