Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды.
Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті, өңдеу өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығын субцидиялау мәселелері, сонымен бірге халықтың ең қиналған мәселелерінің бірі—инфляция, яғни бағаның шарықтауыз ауыздықтау мәселесіне байланысты, білім сапасын арттыруға қатысты, халықты толғандырып отырған денсаулық мәселесі, әлеуметтік жағдайы деген мәселелердің барлығы да ортаға айтылды. Сарапқа салынған салиқалы сөз болды деп есептеймін.
Басты айтылған мәселе—халықтың жағдайын жақсарту. Президенттің айтқаны елдің тұтастығын қамтамасыз ету, егемендікті сақтау, әскерилердің күшін арттыру, ішкі жұмылдыру мәселесі, қалыпқа келтіру, ойлы, салмақты және қажетті шешімдерді тапсырды.
Сонымен қатар, Үкіметке бірқатар мәселені, қазір екі айдың ішінде осы тиісті шараларды жүзеге асыратынын кезең-кезеңімен белгілеп берді. Сондықтан да халықтың үміті мен сенімін оятқан,ертеңгі күнге деген осы сенімді орнықтыру ең басты мәселе болды. Президент сөзінен осының бәрін аңғаруға болады.
Президент сөзінде аймақтарды дамыту мәселесі де анық айтылды. Сондай-ақ мәжіліс отырысында білімді жастардың қатарын, яғни техникалық білімді мамандарды, инженерлерді даярлау мәселесіне ерекше назар аудару тапсырылды.
Еліміздегі құқық қорғау органдары жүйесіне түбегейлі реформа жасап, олардың жауынгерлік дағдылары мен дайындығын күшейту, материалдық-техникалық базасын жақсарту, жастарды Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандыру мәселелерін іске асыруды міндеттеді.
Елдің ішкі қуатына көп нәрсе байланысты. Бірге еңсереміз. Ұрпақтарымыздың баянды болашағын бірге жасаймыз.
Баршамызға аян, қай бір қоғам, қай мемлекет болмасын дамудың жоғарғы сатысына тек ынтымағы ырысты, бірлігі бекем болған жағдайда ғана жете білген.
Ендеше ынтымақ пен бірлік—еліміздің басты құндылығы.
Мәруа ҚАЙЫРЖАНОВА,
Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары,
әжелер алқасының төрайымы.