ВОЛОНТЕРЛАР 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

 Тәкен Әлімқұлов атындағы №14 мектеп лицей интернат ұжымы, аудандық Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Vаlue» волонтерлар ұйымымен бірлесіп аудандық ауруханаға бір оттегі концентраторы аппараты мен 5 пульсоксиметр құрылғысын алып беріп, тұрмысы төмен отбасыларға дәрі-дәрмек қорабын табыс етті. Қорапта антибиотиктер, дене қызуын төмендететін және вирусқа қарсы препараттар , ауырсынуды басатын дәрілер, шприцтер мен системалар, глюкоза мен асперин қамтылған. 15 000 теңгеге жинақталған дәрілер 20 отбасыға үлестірілді. Алматы қаласынан жеткізілген оттегі концентраторы құны 450 000 теңге. Сонымен қатар науқастың өкпесіне барып тұрған оттегінің шамасын анықтайтын 5 пульсоксиметр құрылғысы 250 000 теңгеге сатып алынды. Қазіргі таңда бұл медицинаға арналған аппараттар пневманиямен шалдыққан науқастарды емдеуге таптырмас құрал.

 Карантин жағдайында Жастар ресурстық орталығы жанындағы «Volue» волонтерлар ұйымы жыл басынан бері халыққа қызмет көрсетуде. Алғаш болып тұрмысы төмен отбасыларға 3000 дана бетпердені тегін таратып, елге үлгі болған созақтық еріктілер. Туған жеріге аянбай қызмет етуді басты ұран еткен еріктілер, көптің алғысына бөленіп жүр.

Нұрсұлтан Қанатұлы.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news