ТОЛҒАҒЫ КЕЛГЕН ТОЛЫМДЫ САПАР

  Кешегі кеңестік заманда осындай сапар, емін-еркін өзіңнің өлкеңді аралап, тарихыңды зерделеп жүру қайдан болсын. Сонда да болса көптен көптің көкейінде ұлы тұлғаларымыздың басқан ізін қайта басып рухани жан дүниемізді қайта жаңғырту ниеті бар еді. «Бірақ сол ізгі істерді кім бастар екен?»- деп жүргенде Көкшетау өңірінен өрелі істі өзге өңірлерге өнеге ете білген арыс азаматтар шықты. Бәрін әріден бастасам,2018 жылдың қыркүйек  айының аяғынан бері Көкшетау өңірінен Мұратқажы Ыдырысұлы ағамыз қайта-қайта хабарласып, «Абылай ханның қара жолы» экспедициясын бастап шығып, арнайы Созақ ауданына, оның ішінде көне Созақ шаһарына соғып өтетінін айтқан болатын. Ол кездегі экспедицияның жолсапар кестесі Қызылжар-Дәрмен-Қиялы- Қушоқы-Тайынша-хан Қызыл ағаш-Абылай хан алаңы-Шөптікөл-Домбыралы-Бозайғыр-Сасықкөл- Астана-Ақмол-Сабынды-Қорғалжын-Баршын-Талдысай-Шұбаркөл-Ұлытау-Сәтбаев-Қызылорда-Түркістан-Шымкент-Созақ болатын. Және сол жолмен жүріп өткен еді.

Өзін көзбе көз жолықтырмасақта, сырттай Мұрат ағамыздың өнегелі өмір жолына баспасөз беттерінен қанық едім. Ағамыздың айшықты келесі сапарын асыға күтіп жүргенде сәтін салып биыл, ауданымыздың шежірелі басылымы «Созақ үні» газетінің 90 жылдығы мерейлі туылған күні қарсаңы- 8 қазан күні тоқайластық. Сол күні саяхатшылар Шолаққорған ауылына ат басын тежеді. Экспедиция мүшелерін Сұлтанбек Қожанов атындағы музейде таңертеңгі сағат 8-00-де музей директоры Ниязәлі Дүйсенбек ұжымымен, «Созақ үні» газетінің қызметкерлері атынан мен және тілші Біржан Жандаулетов болып күтіп алдық.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру-Болашаққа бағдар» тарихи бағдарламасы аясында Әл Фарабидің туғанына 1150 жыл және Абайдың туғанына 175 жыл мерейлі шарасынанбастау алған бұл бастама келешек ұрпақ үшін маңызды екені аян.  Құрамында он жеті адамнан тұратын экспедиция құрамында әнші, тарихшы, ғалым, БАҚ өкілдері бар екен. Мұрат қажы Ыдырысұлы бастап, Борашев Раббым- ғалым, Маңғыстау облысынан, Нұрғазин Совет Теміртайұлы-Ерейментау ауданы білім бөлімінің басшысы, Рахмет  Жұлдыз- «Большие города», «Дархан дала», «Хабар-24» телеканалының тележурналисі, Мұратов Ерсұлтан-осы каналдың операторы, Дархан Мүжібаев-«Көкше» телеарнасының телеоператоры, Серғазы Қайырболды –«Рухани жаңғыру» орталығының қызметкері, Қаппасова Жайнагүл-облыстық туризм басқармасынан, Оспанов Тәшім–жолбасшы (Астана), журналист Амалбек Бақберген, көлік жүргізушілер Назымбек Азамат, Балтабаев Жасұлан мен Ергінбаев Асқар қостап келіпті.

Кезінде даңқты саяхатшы, қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, этнограф, географ, ағартушы, шығыстанушы Шоқан Уәлиханов он сегізінші ғасырды «жауынгерлік ғасыр» деп тегін айтпаса керек. Жауынгерлік ғасырда алдымен тілге оралатыны Абылай ханның жорықты жолдары әлем тарихына, оның ішінде қазақ шежіресіне өзінің  қолтаңбасын қалдырған. Алдыңғы аға буын ұстанған зор мақсаттың бірі ұлы тұлғалардың ізі қалған жорықты жолдарын жаңғырту болғанын ұғындық. Кешегі кеңес заманында сол кездегі саясатқа ыңғайлап алған тарихтың  орынсыз бұрамаланған тұстарын қайта қалпына келтіру, сіз бен біздің парызымыз болса сол парызды сексенге аяқ артқан Мұрат сияқты ардақты ағаларымыз бастап үлгі-өнеге болуда.

Сонымен қатар экспедицияның биылғы жолсапарының мақсаты екендігін жоғарыда айтып өткеніміздей Әл Фарабидің туғанына 1150 жыл және Абайдың туғанына 175 жыл толуына арналған сапар болатын. Әрі бұл Қазақстандағы ішкі туризмді дамыту болса,  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлытаудың тарихы мен тағылымын жастар тәрбиесі мен отаншылдықты, ішкі туризмді дамытуға пайдалану керек» деген тағылымды сөзі осы сапарды ақ ниетіне балаған азаматтарға зор қолдау болғаны анық.

 Бұл жорықта  «Абылайдың қара жолын» пайдалана отырып  Әл Фараби бабамыздың өмірі мен шығармашылығы арқылы жастардың бойына ғылым, білімді дарыту. Әл Фарабидің туған жері Отырар қаласына ат басын тіреу. Абылай ханның жанкешті ерлігін үлгі етіп отансүйгіштікті, патриотизмді қалыптастыру. Осы жолдың бойындағы тарихи, киелі жерлермен, ол жерлерде өмір сүрген дара тұлғалардың қасиет-қадірлерімен және шығармашылығымен таныстыруды мақсат тұтқан еді. ҚонақтарСұлтанбек Қожанов атындағы музей ішіндегі жәдігерлермен танысып, қасиетті қара шаңырақтан Созақтың бал татыған қымыраны мен қымызынан дәм татып, музей қыздары әзірлеген қызыл күрең шайдан ішіп денелерін жылытып алды. Музей төрінде «Абылай ханның қара жолы» кітабының тұсау кесер рәсімі болды. Біз де ат басын арнайы Созаққа бұрып келген меймандарға Теріскей өңірі туралы кітаптарымызды тарту ретінде ұсындық. Саяхатшылар музейден шыққан соң көне Созақ шаһарына ат басын бұрды. Олар шаһардағы Қарабура әулие кесенесіне зиярат жасап, көне қаланың ескі орнымен танысып, Хақназар ханның кесенесіне тағзым етіп, Созақ ауылындағы іргелі мектептің оқытушысы, тарихшы Нұрмахан бауырымызбен жолығып, дәйекті деректерге қанығып кері қайтады.

Мұрат қажы ағамыздың айтуы бойынша бұл жолғы сапардың жобасы Көкшетау- Астана- Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл-Алғабас-Қара кеңгір – Ұлытау – Аралтөбе – Аяққамыр-Кеңгір-Сәтбаев-Жезқазған-Болған ана(кесене)-Талмас-Мибұлақ-Бесқауға-Қарақойын-Уанас(Степной)-Таңбалытас-Қыземшек-Жуантөбе(Тасты)-Созақ – Шолаққорған – Түркістан-Отырар. Бұл жерлердің барлығы тұнып тұрған тарихи ескерткіштер, көне қалалардың орны,  киелі орындар, хандар  мен әулие адамдардың  кесенелері және зираттары. Әу баста ескертілгендей Болған ана(кесене)-Талмас – Мибұлақ – Бесқауға –Қарақойын – Уанас(Степной) – Таңбалытас – Қыземшек – Жуантөбе(Тасты)-Созақ. Бұл маршруттың бір бөлігі құмның ортасымен өтеді және алғаш рет жүріп өтті.  «Абылайдың қара жолының» бұрын ашылмаған тармағы. Шолаққорғаннан Түркістан-Отырарға апаратын жол Қаратау арқылы өтеді.

Көкшетау қаласынан5-ші қазан күні9-00 –де  Абылай хан ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың бәтуәсімен, салтанатты түрде театрландырған көрініспен аттаныпты.

Сол күні түс әлетінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Керей және Жәнібек хан ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Одан шығып

15-00-де Қорғалжын аумағындағы Бытығай кесенесінде, Жәнібек хан зиратына құран бағыштап, Қорық музейінде, Шұбаркөл, Баршын ауылындағы көне қорымдарда болыпты.

6 -ші қазан күніҰлытауға келіп ондағы Жошы хан, Алаша хан, Домбауыл, Кетбұқа, Ерден Сандыбай кесенелерін, Әулие тау, Алтын шоқы, Едіге тауы, Ұлытау табиғи мемлекеттік музейін аралады. Ұлытау ауданы орталығында «Абылайдың қара жолы» кітабының тұсаукесерін өткізіпті.

7-ші қазан күні Сәтбаев, Жезқазған қалаларындағы орталық  кітапханаларда болып «Абылайдың қара жолы» кітабын тапсырып,  картасын беріп шығады.

8-ші қазан күні Жезқазған-Болған ана(кесене)-Талмас-Мибұлақ-Бесқауға – Қарақойын – Уанас(Степной) –Таңбалытас-Қыземшек-Жуантөбе(Тасты)-Созақ маршрутымен киелі орындарды аралап

Созақ ауданының орталығы Шолаққорған келіп киелі мекенде түнеп шығады. «Абылайдың қара жолының» бұрын ашылмаған тармағы. Шолаққорғаннан Түркістан-Отырарға апаратын қара жол қарт Қаратау тауының Торлан асуы арқылы өтеді.

Бүгінгі сапар сол жоспар бойынша екен. Біз меймандары сол күні түс ауа Кентау, Түркістан, одан ары Әл Фарабидің туған жері Отырар ауданына сапарын жалғастыру үшін құрметпен, қимай қоштаса шығарып салдық.

Мақсат Қарғабай,

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...