Теріскейдің әкімі тікелей эфирде

 Еліміздегі короновирус пен пандемия дертіне байланысты жарияланған карантин режиміне қатысты Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шықты. Бүгінгі таңда өткен айдың көлеміндегі ахуалмен салыстырғанда дерттің сипаты бәсеңдегені байқалады. Дей тұрсақта әлі әлі де сабырлық сақтап сақтану шараларын жалғастыра бергеніміз дұрыс сияқты. Аудан әкімі Салыхан Сабырұлы аудан жұртшылығы мен әлеуметтік желіге қосылған барша қазақстандықтарды денсаулықтарын күтіп, карантин режимі кезінде бекіткен талаптарды сақтауға шақырды.

 -Күшейтілген карантин режимінің пайдасы зор болып тұр. Бүгінгі таңда Таукент кентіндегі 50 орынды провизорлық госпиталь науқастардан босап, халыққа жоспарлы түрде қызмет етуін жалғастыра бастады. Шолаққорған ауылындағы провизорлық 30 орындық орталықтан 7 науқас ем алып сауығып шықты. Сондай-ақ аудан бойынша 294 короновирус дертін жұқтырғандар тіркеліп, оның 264-і жазылып шықты. 25 адам үй карантинінде, 3 адам инфекциялық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал  пандемия дертіне шалдыққандардан 412 адам жазылып шықты.Аудан көлеміндегі барлық дәріханалар тұрақты жұмыс жасап жатыр. Дәріханалардағы дәрілер бағасы тұрақты, баға көтеру, кезек күту немесе карантин режимі мен заң бұзушықтар бастапқы кезде болғанымен қазір жоқ. Осы карантнн кезінде карантин режимін сақтамаған 50 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оларға 30-дан- 230-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер бойынша айыппқл салынып, шара көрілді. Короновирустың алдын алу, бірлесе жұмыс жасауда қол ұшын созған азаматтарға алғыс білдіремін,-деді тікелей эфирде аудан әкімі С.Полатов. Сонымен қатар, аудан басшысы   аудан жұртшылығын Президентіміз жариялаған  «Абай күні» мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ тікелей эфир кезінде бірнеше аудан азаматтарының қойған  сауалдарына тиісінше жауаптар берді.

Мақсат Қарғабай

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news