Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы «Жұман » деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан бастап ағамыздың темірге деген қызығушылығы арта бастайды. Алғашында «алып кел», «ұстап тұр» деңгейінде болған Жұмкең уақыт өте келе «мына затты өзің жасап тасташы» деңгейіне жетеді. Совхоз гаражындағы белді темір ұсталарының біріне айналады. Еліміз тәуелсіздік алып Кеңес Одағы тараған соң ауылдағы гараждың да қиуы қашты. Ауылда біраз жылдар өндірістік кооперативте, жеке шаруашылықта жұмыстар атқарды. Таукентке жұмысқа тұруға барғанда ол кісіні қуана қарсы алды. Сол жерде өзі сүйген кәсібімен зейнеткерлік жасқа жеткенше абыроймен айналысты. Жүк көліктері, түрлі агрегаттарға қажетті заттарын зауыттан шыққандай етіп жасап шығару ол кісіге түкке тұрмайтын. Бұл еңбегін ескерген өндіріс басшылығы құрмет грамоталарымен, медальдармен марапаттап отырды.

Зейнетке шыққан соң да қарап отырмай темірмен жұмыс істейтін түрлі станоктар сатып алып елдің алғысын алуда. Ол кісінің балаларымен бірлесіп ашқан көлік жөндеу орталығында жүргізушілерге түрлі қызметтер ұсынылады. Бір барғанымда Жұман ағамыз шығармашылық ізденіс үстінде екен. Яғни, көліктердің сальник, втулкакаларын К-700 тракторы дөңгелегінің резинасынан қолдан есептеп ойып жасау үстінде екен. Көлік жүргізушілер біледі, қазіргі қосалқы бөлшектердің дені қытайдікі, ұзаққа шыдамайды. Ал Жұмкеңнің мына дүниесі ноу-хау болар еді.

Сонымен бірге, Жұман аға ауылдағы сауапты, қайырымдылық жұмыстарға белсенді қатысып отыратын азаматтардың бірі. Ауыл ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Сержан Бегманұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Сызған ауылы.

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news