Тамшылатып суару әдісінің тиімділігі

 Бүгінгі күннің талабына агросектор саласында еңбек өнiмдiлiгiн арттыру мiндетi қойылғаны белгілі.  Еліміздің  дала төсінде жүрген егіншілері бүгінгі күнгі ең озық технология саналып жүрген тамшылатып суару әдісіне арқа сүйеп отыр. Шыны керек, осы әдіске көшкелі бері қазақстанның әр түрлі аймақтарында егін шаруашылығымен айналысушы шаруа қожалықтары мен серіктестіктердің шаруасы дөңгеленіп жүре берді деуге болады.  Өңірде біраз жылдан бастап Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, сөйтіп азық-түлік белдеуін жасаудың сенімді жолының бірі – тамшылатып суару әдісін егін шаруашылығына батыл енгізу мәселелері облыстық, аудандық деңгейдегі әкімдіктің ұдайы назарында.

 Су ресурстарын тиімді пайдалану аграрлық саланың қарыштауына бастайтын негізгі жолдың бірі. Қазақстан аумағының 29%-ы далалық, 44%-ы шөлді аймақ болғандықтан, осы шөлді аумақты шаруаға қолайландыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Егістік алқаптарынан мол өнім алу үшін, сәйкесінше баптау жұмыстары да үздіксіз жүріп отыруы тиіс және ол шаруаға да, мемлекетке де қолайлы болу керек. Қазақстанда бұрыннан егістік алқаптары дәстүрлі түрде арық-тоғандар арқылы ағыстық тәсілмен суарылады. Ал Батыс Еуропалық елдердің өнімді суаруға енгізген жаңа тәсілдері бар.

 Соның бірі – тамшылатып суару. Бұл әдістің  тиімділігі жөнінде айтар болсақ. Тамшылатып суару – өсімдіктің тікелей тамырлық зонасына құбырлар, түтіктер, эмиттер көмегімен суды баяу тамшылату арқылы суаруға мүмкіндік теретін тәсіл. Сонымен қатар, оны тыңайтқыштарды үнемдейтін ерекше суару түрі деп те атайды. Тамшылатып суару әдісі бүгінде Батыс Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады. Ақылды технологияларды агросалаға енгізгелі бұл тәсіл шет елдерде арнайы құрылғылардың көмегімен жұмыс жасауда. Алайда, бұл жаңа технологиялар тамшылатып суару әдісінің жақын аралықта пайда болғанын білдірмейді. Оның тарихы б.з.б. І ғасырдан бастау алады. Бұл кезеңде тамшылы суарудың қарапайым түрі қолданылған. Сол заманның ғұламалары өз еңбектерінде егістікті суару үшін жерге сумен толтырылған қыш құмаралардың көмілгендігін жазған. Яғни, жерді ылғалдандыру үшін егін егушілер ортасында осындай әдіс қолданылған. Тарихидеректербойынша, заманауитамшылатыпсуару  1860жылыГерманияданбастауалған.   Тамшылатып суару кезінде құбырдың бітелуінің алдын-алу үшін арнайы сүзгілер қолданылады. Ережелер бойынша, ауыз су ретінде пайдануға сәйкес тазартылмаған суды ауада шашуға да рұқсат етілмейді екен. Дұрыс жоспарланып, жобаланған және басқарылған суару жүйесі булануды азайтып, су ресурстарының сақталуына септігін тигізеді. Себебі, бұл әдіс арқылы судың өсімдік тамырына жетуі дәлірек жүреді.

 Тамшылатып суару әдісінің негізгі артықшылықтары: алқапты тегістеуді қажет етпейді, топырақ эрозиясы азаяды, арамшөптер жиі шықпайды, басқа суару түрлеріне қарағанда, еңбек құны аз, тыңайтқыштар мен құнарлы заттардың жоғалуын азайтады, ең негізгісі, суды үнемдейді.

 Шет мемлекеттерде бұл әдісті көбіне жылыжайларда, аспалы бақтарда қолданады. Тамшылап суару – тамырға суды, тыңайтқыштарды және өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын агрохимиялық заттарды біркелкі жеткізу үшін де қолданылады. Өсімдікті суару үшін құбырларды топырақтың астымен де, үстімен де жүргізуге болады.

 Бүгінде бұл әдістің тиімділігін еліміздің шаруагерлері жақсы біледі. Осыған сәйкес, осы жүйеге өтіп жатқандардың да саны көбейіп келеді. Осы әдіспен суару жүйесіне көшкен шаруалар саны күн санап арта берер болса, еліміздің агросаласының жаңа белеске шығары анық.

 Біздің ауданның еңбеккерлері де тамшылатып суару технологиясымен жұмыс жасауды кең көлемде қолданысқа енгізе бастады. Олардың бірқатары өз қаражаттары есебінен, ал, енді кейбір атаулы әлеуметтік алушылар мемлекет тарапынан беріліп жатқан біржолғы қайтарымсыз қаражат есебінен іске асыруда. Зейнеткер ана Ахметова Райхан апайдың үйінде болып үй іргелік жеріне тамшылатып суару әдісі бойынша еккен бақша өнімдерін көріп, қуанып әрі қызығып қайттық. Райхан апай бұл істі өз қызуғышылығмен жасаған.  Жасыратыны жоқ, біздің аудан сулы, нулы аймаққа жатпайды. Құрғақшылық. Теріскейдің аңызақ желінің өзі көкөністі көктей қуратып  жібереді. Бау бақшаны ерекше күтімнің арқасында көгертіп отырмыз. Райхан апайдың тірлігін көріп, алдағы уақытта қолға алатын тірлік екен деп түйіп қайттым. Әр бір отбасы үй іргелік жерінің 2-3 соттық жеріне тамшылатып суару әдісімен көкөніс егетін болса, базардан сатып жемейтіні рас болады екен. Өте тиімді, әрі әуліңде көгеріп реттеліп, жайқалып, әдемі көрініс береді екен.

 Сонымен, биылғы жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен өңірлердегі қаржылық сауаттылықты арттыру, жаңа бизнес көздерін ашу, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында «Бастау Бизнес» жобасы кәсіпкерліктің негіздері бойынша тегін оқытатын семинарлардан өтіп сертификат алған  ауданымыздың бірнеше  тұрғындары мемлекет есебінен берілетін бір жолғы қайтарымсыз 555 000 тенгені алып, осы тамшылатып суару әдісі бойынша үй іргелік жерлеріне, бақша өнімдерін егіп, жемісін көргелі отыр. Әрине айта кету керек, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің мамандары мен ауыл әкімдері жергілікті тұрғындар арасында бірнеше мәрте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, шаруалардың, еңбеккерлердің егінді алқаптарына, шаруа жайларына  барып, үй іргелік жерлерді тиімді пайдаланудың әдістерін, мүмкіндіктерін түсіндіріп, тамшылатып суару технологиясын қолданысқа енгізіп, жемісін көруге шақырды. Ия, айтары жоқ, тиімді тәсілді түсініп, іске көшкен еңбеккерлер маусым айында тамшылатым суару әдісін қолға алды, жер ана шіркін дархан ғой. Пейілі кең. Негізі не ексеңде көктемде ек демей ма. Алайда, жаздың  маусым айында тамшылатып суару  әдісімен бақша өнімдерін еккен тұрғындардың үйлеріне шілде айында арнайы барып, жұмыстарын көріп қайттық. Керемет. Тамшылатып суару- табыс көзі деуге болады. Жиырма, он, алты, бес соттық жерлерге егілген бақша өнімдері қылтиып, жапырақ жайып, өніп тұр. Әрине бүл қуанарлық жағдай.

 Тағы да айта кететін бір мәселе , үкімет тарапынан жұмыссыз жүрген жандарға өз ісін ашып, өз шаруасын жүргізу үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмектер жетерлік. Төменгі пайызды несиелер, біржолғы қайтарымсыз қаражат, атаулы әлеуметтік көмек, тағы басқа. Тек сол мүмкіндікті әр бір адам дұрыс пайдаланып, өзін өзі еңбекпен қамтып, тірлігін жүргізіп кетуі керек. Бүгінгі уақыт жалқаулықты көтермейді. Айтар болсақ,  биылғы жылыжұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған атаулы әлеуметтік көмек алушылардың бірқатарына қайтарымсыз 555000 теңге берілді. Яғни,  бұл қаражатты дұрыс пайдаланып, бір кәсіптің шетін шығарып, тірлігін жүргізіп, кедейшілік шебінен шығып, жақсы берекелі өмір сүріп кету әр адамның өз іскерлігіне байланысты. Әрине қайтарымсыз берілген қаражатты дұрыс игере алмай, мақсатсыз жұмсап, есебін бере алмай жүргендер де бар. Дегенде, алушылардың басым көпшілігі мал басын көбейтіп, бордақылау, асылдандыру сонымен қатар,  ет өнімдерінен қазы қарта, шұжық жасайтын, сүт өнімдерінен құрт -май, ірімшік жасайтын шағын цехтар ашып, тамшылатып суару әдісін қолға алып, тігін, нан, тәтті өнімдер цехтарын, сұлулық салондарын ашып, тәп -тәуір тірліктерін жүргізіп отыр. Бұл үлкен қуанарлақ жағдай. Әрине бұл бастаманы дамыту керек. Бұл бойынша да тиісті мамандар түсіндіру жұмыстарын жүргізе беретіні белгілі.

 Жартытөбе ауылындағы Кенішбеков Мұхтардың жеке иелігінде болып, шаруашылығымен таныстық. Үйдің от анасы Бердиева Бағила /атаулы әлеуметтік көмек алушы болған/ мемлекет есебінен алған біржолғы қайтарымсыз 555 000 теңгеге тамшылатып суару әдісімен бақша өнімдерін еккен. Онысы көгеріп, көктеп тұр.Тірлігі тап тұйнақтай Мұқаңның шаруашылығы көңілге қуаныш ұялатардай. Жеміс талдар жайқалып тұр, бақша өнімдері самсып тұр. Үй құсының түр түрі балапандарын ертіп, өріп жүр. Үйрек, қаз, тауық үлкен кішісі. Төрт түліктің бәрі бар, ірі қара, майда мал. Берекелі шаруаның көңілі жайлы. Алланың берген ұл қыздарын өсіріп, еңбекке баулып, немере сүйіп отыр.  Мұқаңның айтуынша, «-тамшылатып суарудың тиімділігі сол, біріншіден, су аз шығындалады. Екіншіден, басқа зиянды шөптер дәннің өсіп, күш алып кетуіне кедергі бола алмайды. Бұл технология бойынша су тек керек жерге ғана қажетті мөлшерде тамшылатып беріледі, артық су жіберілмейді. Сол себепті топырақ құнарлылығын сақтап, күннің қызуын мол алады, арам шөп те көп өспей, негізгі дақылға кедергі бола алмайды. Нәтижесінде мол өнім алуға мүмкіндік жасалады. Суды негізінен каналдан су сорғыш қондырғы арқылы алып, көкөніске береді. Ал, бұрынғысынша атыз қазып, арық бойымен су жіберушілерге қарағанда, тамшылатып суару әдісі суды аз талап ететіндігімен қоса, өнімнің шығымын жақсы береді, дейді».

Кәсібін дамытып, еңбегінен зейнет көріп отырған шаруа қожалық басшысының істері өзгелерге сабақ болары анық. Жұмыстың қандайы болсын кірісіп, бар ынта-пейіліңмен істесең, түбінде оң нәтижесін берері заңдылық. Үкімет жеке кәсіппен шұғылданам дегендерге кең өрістің беталысын көрсетіп қойды. Осындай ілкімді саясаттың ырысын төкпей-шашпай пайдаға асыру әркімнің өз қолында екенін  жіті түсінген абзал.

Нұржамал МАЙУСОВА.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...