Талапқа сай жұмыс жасалды

 2020 жылы ҰБТ ұйымдастыру жұмыстары. 789 ҰБТӨП, Шолаққорған ауылындағы филиалына ауданымыздың 31 жалпы орта мектебінен тестілеуге өтініш білдірген оқушылар саны — 611, оның ішінде 598 бітіруші қазақ және 13 бітірушісі орыс тілінде тест тапсыруға тілек білдірген. Мектеп техникалық хатшыларымен бірлесе отырып ҰБТ-ілеуге өтініш қабылдау ережелері мен нұсқаулықтарын таныстыру бойынша онлайн түрде семинарлар өткізілді.Биылғы жылы елде белең алған пандемияға байланысты, карантин режиміне сәйкес аудан оқушылары ҰБТ-ге қатысуға өтінішті онлайн режимде және дәстүрлі түрде өтініштерін берді. Барлық мектептер нормативті құжаттармен қамтамасыз етілді, ҰБТ ережесі мен нұсқаулық талаптары жете түсіндірілді. Аудандық «Созақ үні» газетіне ҰБТ ұйымдастыру мен өткізу бойынша материалдар жариаланды. «ҰБТӨО базасы» жасалынып, оған сәйкес аудиториялар қоры дайындалды. «Бітіруші базасы» мезгілінде дайындалды. Өтініштерді тіркеу журналы мен деректер базасы сапалы жүргізілді.  Дәстүрлі әдіспен тіркелген бітірушілерге рұқсаттамалар мектептерге уақтылы берілді.

Биылғы жылғы төтенше жағдайға байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініш берген оқушылар 3 лекке бөлінді. Оқушылар ҰБТ-ны 21-22-23 маусым күндері тапсырады деп белгіленді. Әрбір лекте 11 аудиториядан пайдаланылды. 611 оқушыға қоса «Жас ұлан» мектептерінен 5 оқушы біздің ауданда ҰБТ тапсырушы болып тіркелді.

Министрлік өкілдері ҰБТӨП-ке 20 маусым күні келіп, барлық аудиториялардың талапқа сай екендігін тексерді. Мемлекеттік комиссиямен, апелляциялық комиссиямен танысып, жиналастар өткізді. Аудандық Созақ аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері мектеп ғимаратын жарылғыш заттарға тексеріп, АКТ түзеп, аудиториялар мен ғимаратты мөрлеп жапты.

21 маусым күні ҰБТӨП ке министрлік өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері таңғы сағат 07:00 де келді. ҰҚК қызметкерлері материалдарды 07:10 әкелді. Материалдар АКТ пен ашылып, аудиториялар кезекшілеріне берілді. Ғимаратқа кіргізу 07:55 -09-00 ге дейін жүргізілді.

Тестілеу 09:05 мен 13: 35 аралығында жүргізілді. Тестілеу барысында 3оқушыдан ұялы телефон алынып, АКТ түзіліп, тестілеуге кіргізілмеді.

Тестілеу аяқталғаннан кейін сәйкестендіру 13:00 ден 16:30 ға дейін жүргізілді. Дұрыс жауаптар коды мен тестіленушілердің нәтижесі 18:40 алынды.

  22 маусым күні ҰБТӨП ке министрлік өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері таңғы сағат 06:30 де келді. ҰҚК қызметкерлері материалдарды 07:00 әкелді. Материалдар АКТ пен ашылып, аудиториялар кезекшілеріне берілді. Ғимаратқа кіргізу 07:35 -08-15 ге дейін жүргізілді.

Тестілеу 08:35 мен 13: 15 аралығында жүргізілді.Кіргізу кезінде 10 ұялы телефон оқушылар ұсталып, АКТ түзіліп , тестілеуге кіргізілмеді.  Тестілеу барысында 2 оқушыдан ұялы телефон алынып, АКТ түзіліп, , тестілеуге кіргізілмеді.

Тестілеу аяқталғаннан кейін сәйкестендіру 13:00 ден 15:30 ға дейін жүргізілді. Дұрыс жауаптар коды мен тестіленушілердің нәтижесі 19:45 алынды.

23 маусым күні ҰБТӨП ке министрлік өкілдері, мемлекеттік комиссия мүшелері таңғы сағат 06:30 де келді. ҰҚК қызметкерлері материалдарды 06:50 әкелді. Материалдар АКТ пен ашылып, аудиториялар кезекшілеріне берілді. Ғимаратқа кіргізу 07:15 -08-15 ге дейін жүргізілді.

Тестілеу 09:25 мен 13: 00 аралығында жүргізілді. Кіргізу кезінде 2 ұялы телефон оқушылардан ұсталып, АКТ түзіліп, тестілеуге кіргізілмеді. Тестілеу барысында 3 оқушыдан ұялы телефон алынып, АКТ түзіліп, тестілеуге кіргізілмеді..

Тестілеу аяқталғаннан кейін сәйкестендіру 13:00 ден 15:30 ға дейін жүргізілді. Дұрыс жауаптар коды мен тестіленушілердің нәтижесі 18:50 алынды.

  Барлық аудиториялардағы ұялы байланыс тұншықтырғыштар үздіксіз жұмыс істеп тұрды. Онлайн көрсетілім де жүріп жатты. Ютуб каналына да осы күнгі запись салынды.

Тестілеудің әрбір күнінде мектеп ғимараты толықтай залалсыздандырылып, оқушылар тест тапсыратын барлық аудиториялар карантиндік ережеге сәйкес жасақталып, залалсыздандырылып, тестіленушілердің  қауіпсіздігі басты назарға алынды.

Мектептің ауласы полиция қызметкерлерімен бақыланып, оқушылар арасында арақашықтық сақталып, Созақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары санитарлық жағдайды қадағалап, арнайы медицина мамандары әр бір оқушының дене қызуын тексеріп тиісті әрекеттер өз дәрежесінде атқарылды.

Сыртқы тәртіпті қадағалау үшін аудандық ішкі істер бөлімінің барлық қызметкерлері  қызмет атқарды. Тест өту барысына наразылық білдіру мен тестті бұзу фактілері орын алған жоқ.

Тесттің өтілу процесі кезінде тест өткізіліп жатқан мектеп ғимаратына министрліктен келген өкілдердің рұқсатымен мемлекеттік комиссия өкілдері ғана кіргізіліп, олар арнаулы бөлмеде отырды.

Министрлік өкілдері мен мемлекеттік  комиссия мүшелері  өз  деңгейінде  қызмет атқарды.

Апелляциялық комиссия талапқа сай жұмыс істеді. Апелляцияға өтініш берілмеді.

Ұлттық тестілеу орталығы, Түркістан облысы

Шолаққорған ауылындағы филиал басшысы:

А. Абдиева

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...