Таңғажайып этноауыл ашылды

Түркістан қаласында этноауыл экспозициясы ашылды. Бұл жоба өткен дәуірлерден сыр шертетін Қ.А.Ясауи мұражай-мемориалдық кешенінің органикалық жалғасына айналды деуге болады. Себебі, мұнда бас сұққан адам қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және мәдениетімен анағұрлым жақынырақ танысады.

Кешегі дәуірлерде жүргендей күй кештіретін этноауылдың сиқырлы күші кіреберісінен-ақ аңғарылады. Мұнда келген алғашқы қонақтарды ұлттық үлгіде киінген Шығыс сұлулары мен батырлары күтіп алды. Сондай-ақ, жас палуандар қазақ халқының спортқа қаншалықты бейім болғанын көрсетті. Ал, балалар жағы асық атып, тоғызқұмалақ ойнаса, абыз ақсақалдар салиқалы ойларымен бөлісіп, өмірдің мәнін ұғындырып жатты.

Сондай-ақ, шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақыртылған қолөнер шеберлері дайындаған ұлттық киімдер мен бұйымдардың таңғажайып үлгілері көрсетілді. Олар қазақ әйелдері мен қыздарының киімдері әр аймақта әртүрлі қырымен ерекшеленетінін түсіндірді. Одан бөлек, осы көшенің бойында бидің төрелігімен қос тараптың арасында туындаған дау да шешіліп жатты.

Ары қарай жүре түссеңіз, ортағасырлық сауда-саттық көшесіне өтесіз. Мұнда шеберлер сізге қышпен, ағаш және металмен тұрмыстық бұйымдарды қалай жасау керектігін, сондай-ақ, ежелгі тоқыма станогында кілем тоқуды, былғары өндіруді үйретеді. Этноауылға келген әрбір жан шебердің жасаған бұйымдарын өз қолдарымен істеп көруіне болады.

Сонымен қатар, базарда көшпенділердің бүгінге жеткен және ұмытыла бастаған ұлттық сусындары дайындалып, қонақтарға ұсынылды. Сондай-ақ, ерте орта ғасырлардағы кейіпкерлер қарттарға, әйелдерге және жас аналарға қуат беру үшін дайындалатын тағамдардың рецептін және оның адам денсаулығына пайдасын түсіндірді. Бұдан басқа қонақтарға қой союды, жаңа сойылған қойдың еті мен ішегінен жасалатын жөргем, жаужүрек деген тағамдардың дайындалу жолы көрсетілді, келушілерге таба нан мен құрт ұсынылды.

Ұлттық тағамдардан дәм татқан қонақтар ары қарай этноауылдың төрінде ерекше безендірілген Хан ордасына түсті. Бұл жерде мергендер мен батырлардың өнеріне куә болып, бүркіттер мен тазыларды тамашалады.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news