Тәуелсіз елім, Отаным – бақ- дәулетім

Ауданымызда  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім, Отаным – бақ- дәулетім» атты салтанатты шара өтті. Шолаққорған ауылында мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға  аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, түрлі сала қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты думанда сөз бастаған аудан әкімі Салыхан Полатов татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың ұлық мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздіктің бәріміз үшін қымбат екеніне тоқталды. «Бұл күн – ел өміріндегі аса ірі оқиға. Бүгінде тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еңсесі биік ел атандық. Аспанда қыран құс қалықтап, көк туымыз желбіреді. Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі»,-деп атап өткендей ата- баба арманын орындадық. Осы жылдар ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде толайым табыстарға қол жеткізді. Ішкі, сырты саясатта биік белесті бағындырды. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік басты ұранымызға айналды. Осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясаты, оны лайықты жалғастырып келе жатқан Президентіміз Қ.Тоқаевың, береке- бірлігі жарасқан халқымыздың жасампаз еңбегінің арқасы», — деді аудан әкімі. Мұнан соң, аудан басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін азаматтарға мемлекеттік награда, мерекелік медальдар мен алғыс хаттар табыстады.
Тарихи мерекеде еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін деген тілегін арнаған аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев ауданның әлеуметтік дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.  Мерекелік думан барысы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news