Түркістанды дамытудың бас жоспары мақұлданды

ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Түркістан қаласын дамытудың бас жоспары қаралды және мақұлданды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында қасиетті Түркістан қаласы – бүкіл түркі әлемінің мәдени-рухани астанасы ретінде өркендеуіне үлкен серпін берілді. Қазіргі таңда Түркістан – еліміздің рухани жаңғыруының символына айналуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласының дамуына айрықша назар аударады» деп атап өтті ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Түркістанның жаңадан дамуын, тарихи құндылықтарды сақтай отырып, одан әрі көркеюін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы қыркүйекте Түркістан қаласын дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасы мақұлданғанын еске салды.

«Қысқа мерзімде нақты жұмыстар атқарылды. Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымының, тұрғын үйлер аймағының құрылысы қарқынды жүргізілді. Жалпы, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгеннен бері қаланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі шамамен 400 млрд. теңгені құрады. Жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы 3 мың гектарға жуық ұлғайды. Сонымен қатар, қала тұрғындарының саны 176 мыңға дейін өсті, 2025 жылға қарай қала халқының саны 250 мыңға, ал, 2035 жылға қарай 350 мыңға жететін болады» деді Асқар Мамин.

Премьр-министрдің айтуынша, тез өсіп келе жатқан қаланың барлық мұқтаждығы Түркістан қаласын дамыту бойынша ұсынылып отырған жоспарда ескерілген. Ол қала тұрғындары мен оның қонақтары үшін толыққанды жайлы орта құруға мүмкіндік береді.

«Ұсынылған жоспар қаланың және Түркістан облысының атқарушы органдарымен және де орталық мемлекеттік органдармен келісілген. Қала инфрақұрылымын дамытудың тиісті схемалары әзірленген. Жоспарды қабылдау – Түркістан қаласын алдағы уақытта дамытудың нақты бағытын белгілейді» деген Премьер-министр тиісті ведомство басшыларына бекітілген жоспардың барлық жобаларын жүзеге асыруды тапсырды.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news