ТҮРКІСТАН: ХАЛЫҚТЫҚ ЖОБА ЖҰМЫСЫ — ӨЗГЕ ОБЛЫСТАРҒА ҮЛГІ

Елімізде алғаш болып халықтық жоба жұмысы Түркістан облысында жүзеге асуда. Биыл маусым айынан бері Түркістан қаласында жергілікті тұрғындар, қалалық әкімдік өкілдері, архитектор, дендролог, урбанист және өзге де кәсіби мамандар бірлесе отырып, тұрғын үйлер маңы мен облыс орталығындағы бос жатқан жерлерді тұрғындар игілігіне пайдалану мақсатында бірегей жобаны қолға алды. Нәтижесінде бұрын қараусыз қалған жер учаскелерінің орнына балалар ойын алаңдары мен қарияларға арналған демалатын орындар, жастарды салауатты өмір салтына үйрету үшін түрлі спорттық алаңшалар салынды.

Халықтық жоба негізінде аула тұрғындарымен бірлесе отырып іске асырылған 7 учаскеде айтарлықтай оң өзгерістер орын алды.

Атап айтсақ, 0.53 га аумақты алып жатқан Талқанбаев көшесін абаттандыру үшін көше бойы тегістеліп, тал егу жұмыстары жүргізілді. Қала түрғындары мен қонақтарына демалу орындары жасалды. Нысан аумағында Облыстық қан орталығы, орталық аурухана  және тұрғын үйлер орналасқан.

Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам жұмыспен қамтылып, 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы орындық  орнатылды.

Ал Қызылорда тас жолы бойын абаттандыру үшін Шығыс бөлігінің 1,62 га жерді алып жатқан аумағында көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. 13 азамат жұмыс істеген аумақта 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы аткеншек орындық қойылды.

Дәл осы Қызылорда тас жолының батыс жақ бойын абаттандыру ісіне 15 адам жұмысқа тартылған. Бұл аумақтың көлемі — 1,92 га. Аталған нысанда 50 дана жарық шам, 20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы аткеншек орындық орнатылды.

0,71 га жерді алып жатқан 4-ші учаске — Елекеев пен Абдурахманов көшесі қиылысы. 150 түп тал және көпжылдық гүлдер егілген аумаққа балалар ойын алаңшасы мен футбол алаңы салынды. Қала орталығында

50 дана жарық шам, 30 дана орындық және субұрқақтар орнатылды.

Сондай-ақ Майлин көшесін абаттандыру үшін 500 түп тал және көпжылдық гүлдер отырғызылды. Қала тұрғындары үшін демалыс  орындары жасалып, 20 дана жарық шам,  20 дана орындық пен 4 жерге шатырлы орындықтар орнатылды. Бұдан бөлек кіші архитектуралық формалар мен ою-өрнекті көрнекілер де осы бесінші учаскеге көрік беріп тұр.

Төреқұлов көшесі мен Сырғақ батыр көшесі аралығындағы көп қабатты үйлер алдын абаттандыру ісі — 1 га аумақта жүзеге асуда.

Талапқа сәйкес ойын алаңшалары, футбол, баскетбол ойын алаңдары салынуда.

23 адам жұмыспен қамтылып, 15 дана жарық шам, 10 дана орындық пен 4 жерге шатырлы  орындықтар орнатылды. Қосымша арнайы жаңа техналогиямен қоқыс салғыш жәшіктер жер астына орнатылуда.

Әл – Фараби скверін  көгалдандыру және абаттандыру жұмысы бойынша аталған учаскеде 1350 ш.м. газон және көпжылдық гүлдер отырғызылған. Талапқа сәйкес балалар ойын алаңшалары, воркаут, жүгіру мақсатында төселген жұмсақ резіңкемен (тартан) жабдықталды.

28 дана жарық шам, 10 дана орындық (қоқыс жәшігімен) пен 4 жерге шатырлы орындық (пергола) қойылды.

Жергілікті тұрғындардың қалауы мен қажеттілігі ескеріле отырып салынған демалыс орындарының маңына ағаштар да егілуде. Жасыл желекті күтіп-баптауға қала тұрғындары да ниет білдіріп отыр.

Облыс басшысы Ө.Шөкеевтің тапсырмасымен жарты жылдан бері табысты жүзеге асып келе жатқан бірегей жоба ары қарай да жалғасын табатын болады.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news