«Түркістан-Арена» спортшылардың шеберлігін шыңдайды

Түркістан қаласында жаңадан салынған «Түркістан-арена» стадионында алғашқы ойын өтті. Футбол бәсекесі Түркістан облысының 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдері арасында өрбіді. Тартысты өткен жолдастық кездесуде жас жеткіншектер бар шеберлігін ортаға салды. Ойынның негізгі мақсаты – алдағы Қазақстан Республикасының чемпионатына құраманы жасақтау. Жаңа аренаның шымылдығын ашқан түркістандық аяқдоп шеберлері ел чемпионатында үздіктер қатарынан көрінуді жоспарлап отыр.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Түркістан-арена» орталық стадионы 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залдар бар. «Самұрық–Қазына» ҰӘҚ» АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған.

Бұл жерде алдағы уақытта футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының премьер-лига, бірінші және екінші лига командаларының ойындары мен басқарманың жылдық күнтізбелік жоспарына сәйкес, спорт түрлерінен (футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ ату) жас ерекшеліктері бойынша облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізіліп тұратын болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news