Түлік өсірсең түйе өсір, қымыраны, еті көл көсір

Аудан әкімінің облыста өткен есеп беруінде өңір басшысы  Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданында төрт түліктің төресі — түйені көбейтуді көздеп, ішкі нарықты тұтастай қамтуды міндеттеді. Ойсыл қара тұқымының өзге өңірлермен бәсекелес болатындай қауқары бар ауданға осы кәсіпті мықтап қолға алып, ауданда түйе шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Бұл туралы ауданы әкімі Салыхан Полатов ауылдар мен елді мекендерде халыққа түсіндіре жүріп,  аудан жұртшылығын батыл бастаманы қолдауға шақырды.Ауданымызда түйе шаруашылығын дамыту -жайылымды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Аудан халқының азықтық қорында түйе еті мен сүті басымдық алады. Аудан құрылған кезеңнен бастап түйе малына жайлы Созақ өңірі осы түлікті қолға алып, мемлекет пайдасына қыруар пайда әкелгені белгілі. Жегенге ет, мінгенге көлік, ішкенге сусын, аса күй талғамайтын, қысқы борасынға да, жазғы аптап ыстыққа, шөлге төзімді ойсыл қара тұқымы мал түрлерінің ішінде бал бағушы шаруаға тиімді мал түрі саналады. Бағып баптай білген шаруаға көп-көрім табыс әкелетін түйе еті қысқы соғым кезінде ортаңқол отбасының дастарханына сән береді. Сол себепті де соңғы жылдары түйе малының тиімділігін ескерген шаруалар майда малдарын ірі қараға айналдырып іргелі ірі қара шаруашылығына бет бұрып келеді.Қазақстан дүние жүзі бойынша түйе шаруашылығынан алдыңғы қатарда келеді. Түйе  аса бағалы түлік, әрі оның шаруашылыққа пайдалы қасиеттері көп. Түйе малы өзінің күш-қуатымен, шөл және шөлейт жердің қатаң жағдайына бейімділігімен, ерекшеленеді. Басқа мал түрлері жемейтін өсімдіктердің көпшілігімен қоректенеді. Ащы, тұзды суды іше жүріп құнарлы ет, тері, жүн, шипалы дәрумені мол сүт беретіндігі алғашқы уақытта ғалымдарды таң қалдырған. Түйе күш көлік ретінде пайдаланылып келген. Тіпті түйені ұлттық спорт түрінің ішінде түйе бәйгеден көріп қос қолды көтере қолдап қуаттаған кезімізде болды. Түйе малын дамытуға ниетті азаматтар Созақ ауданында көптеп кезедесі. Тек оларға кәсіптің қыры мен сырын түсіндіріп, қаржылай қолдау жасау керек-ақ. Созақ ауданы барлық облыс аудандары ішінде түйе малына ең қолайлы аймақ. Халқымызда қасиетті мал саналатын түйе баққан адамға, қараған шаруаға мол табыс әкеледі. Сүт бағытындағы түйе шаруашылығы аса қиындықпен дамып келеді. Өйткені оны іске асырып, тұтынушыға жеткенше түрлі технологиялар қолданылады. Ал ет пен жүн бағытындғы түйелер негізінен екі өркешті түйелер, бұлтұқым түрлері қысы, жазы далада жүреді. Бордақыланып қолға ұсталынбайды. Қоңы келген мезгілде ет ретінде өткізе бересің. Әрі шығыны да жоқ. Қазіргі таңда  ауданымызда 11 мың бастан астам  ойсыл қара тұқымы бар.  Бірақ  түйе шаруашылығының бүгінгі жағдайын сипаттап өтсек, оның ойдағыдай тиімді дамуына кедергі болатын себептер бар. Олар жалпы түйе шаруашылығындағы  асыл тұқымды түйелер үлесінің төмендігі, түйеден алынатын өнімдер, ет, жүн, сүт негізінен өңделмеген түрінде төменгібағамен өткізілетіндігі, түйе сүтінің тек жаз маусымында ғана өндірілетіні, түйе саласын білетін арнайы мамандардың  жоқтығы, осыдан келіп түйе шаруашылығында бәсекелестіктің, оны тудыратын өнім өндірудің  құқықтық  базасының жоқтығы болып тұр. Бізде сүті мен етіне аудан тұрғындары арасында сұраныс бар. Ал жүніне сұраныс жоқ. Ауылды жерлерде түйеден алынған өнімдерді алғашқы өңдеуден өткізетін өндіріс орындарын құру, өнімдерді өткізетін орындармен келісім түзу, сол арқылы өнім сұранысын анықтау. Мысалы, ауданымыздағы уран өндіретін тау-кен саласындағы өндіріс орындарына экологиялық сүзгі ретінде түйе сүтінің өте қажеттілігі туралы тағамтанушы  мамандар жиі айтып жүр. Сондағы жұмысшылардың күндік рационынан түйе сүтін қосу. Аудан көлеміндегі екі кәсіптік  білім беретін колледждерде түйе шаруашылығына қажетті мамандар дайындау, оларға пайызсыз ұзақ мерзімді несие беру арқылы өз кісібін ашуға қол ұшын беру, бос жатқан Бетпақ даладағы, құм жиегіндегі  жайылымдарды тиімді пайдалану, Бетпақ даладағы құдықтарды жөндеуден өткізу немесе өндіріс орындарын бизнестің  әлеуметік жауапкершілігін артыру мақсатында осы игі мақсатқа  тарта отырып, жайлымдық ұңғыма құдықтар қаздыру, түйе отарларының кешенді жоспарларын құру, өнім беретін түрлеріне қарай түйе малдарының азықтық қорын жасақтау алдағы уақытта аудан көлемінде түйе шаруашылығын қайта жандандыру үшін аса зор маңыз береді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өзі  көтерген бұл байыпты бастамаға жергілікті шаруаға бейім шаруалар мен оларға қол ұшын созатын мемлекеттен басым қолдау табылып отыр.

Осы орайда аудан көлемінде түйе малын көбейтемін, өсімін арттырамын, одан пайда табамын дейтін азаматтар болса ауылшаруашылығын қолдау қорының Созақ ауданындағы өкілі Черниязов Асқар есімді азаматпен хабарласып, керекті құжаттарын әзірлеп, өткізсеңіздер қолдау қоры ұсынып жатқан қаржылай мүмкіндіктерге ие бола аласыздар.

Мақсат ҚАРҒАБАЙ 

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...