СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АЗАМАТТАРҒА АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

Сыбайлас жемқорлық — елдің экономикалық әлеуетін тұралатып, бәсекеге қабілетін бәсеңдететін  қауіпті дерт. Ол кез-келген мемлекеттің саяси дамуын тежеп, билік пен бұқара арасындағы сенімнің сетінеуіне ықпал етуші әлеуметтік індет. Оның қоғам өмірінде кең таралуы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп қана қоймай, ел болашағының бұлыңғыр тартуына түрткі болады. Сол үшін де, бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен қарқынды күрес жүргізу және оның алдын-алу —  мемлекет саясатының күн тәртібіндегі басым бағыттарының біріне айналып отыр.

Осыған сәйкес, бүгінгі күні Агенттік қызметінің негізгі бағыттарына өзгерістер енгізіліп, негізгі басымдық қылмыскерлерді құрықтап жазалауға емес, оның жолын болдырмауға, сыбайлас жемқорлықтың алдыналуға және жаппай ағартушылық бағытына берілуде.

Дегенмен, қоғамда жемқорлықпен күрестің қарқыны күшейгенімен, көлеңкелі қылмысқа жол берушілердің саны сейілмей тұр. Соның ішінде, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген азаматтардың қызметтік өкiлеттiктерін теріс және заңсыз пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу және заңды кәсіпкерлік қызметкекедергі жасау, пара алу, параберу және парақорлыққа делдалболу, қызметтікжалғандық, жеке және заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беру сынды сыбайлас жемқорлық деректері әліде ел аумағында белең алуда.

Осыған орай, мемлекет бюджетін мақсатсыз пайдалану, қызмет бабын жеке бас пайдасына жарату, жұмысқа қабылдау барысында белгілі бір қаражат мөлшерін талап ету, тексеріс мекемелерінің келуіне орай қаржы жинау  секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де қазіргі қазақ қоғамында жиі ұшырасып келеді.

Қайтпек керек?! Мұндай жағдай да, ел азаматтарының қолдауы мен белсенділігі,  ашықтығы мен оперативтілігі айрықша маңызға ие. Анығында, «Жемқорлыққа қарсымыз!» деген ортақ ұран көптің көкейінде көлкіп тұрғанмен, іске келгенде қоғам індетіне қарсы тұру жалқының жұмысы, ардың ісі болып саналады. Сондықтан, қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністеріне куә болған азаматтың әлеуметтік індетке  көз жұма қарамауы,  белсенді әрекет ете білуі — еңселі еліміздің ертеңі үшін жасалған ерен ерлікпенжәне елеулі еңбекпен пара-пар.

Ең алдымен, қандай да бір жемқорлық құқықбұзушылық фактісі туралы ақпарат білген азамат Агенттіктің тәулік бойы тегін қызмет ететін «1424» Саll-орталығына қоңырау шалуы тиіс. Онда хабарласушының жеке ақпараты құпия түрде сақталып,  берілген түрлі ақпараттар мен арыз-шағымдар, ұсыныстар мен  пікірлер операторлар арқылы қабылданады. Ел аумағынан, өңір тұрғындарынан және түрлі елді-мекендерден сыбайлас жемқорлық тәуекелін жасады деген ақпарат келіп түскен жағдай да, жедел желінің операторлары абонентті Агенттіктің кезекші офицерімен тікелей байланыстырып, әрбір хабарламаны  басты назарға алып отырады. Тіпті,  кейбір тұрғындар өз ақпаратына сенімсіздік   білдірген жағдай да, тегін консультациялық кеңестер беріліп,  ақпараттық көмектер көрсетіледі. Бүгінде «1424» сенім телефоны арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижесінде қаншама іс қозғалып, бірқатар көлеңкелі қылмыстың беті ашылып үлгерді.

Сондай-ақ, қоғам індеті турасында тиісті мекемеге хабарлаудың өзге де жолдары қарастырылған.  Мәселен, Агенттікке не болмаса Агенттіктің аумақтық Департаменттеріне жазбаша түрде арыз қалдыру арқылы  хабардар етуге болады.

Қазіргі таңда, Агенттік «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын негізге ала отырып, әрбір тұрғын тарапынан келіп түскен ақпаратқа айрықша ден қоюда. Азаматтардың құқықбұзушылық туралы берген мәліметі расталып, сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жұмысына жәрдемдескені үшін аталмыш азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы төленеді және олардың жеке бас қауіпсіздігі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болады.

Құқықбұзушылық фактісі туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу, яғни біржолғы ақшалай сыйақы беру мөлшері сыбайлас жемқорлық қылмысының деңгейіне сәйкес беріледі.

Қазіргі таңда, 1 айлық есептік көрсеткіш  — 2778 теңгені құрайтындығын ескерсек, әкімшілік істер бойынша —  83 340 теңге (30АЕК), қылмыстық істер бойынша  — 111 120 теңге (40АЕК), орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша —  138 900 теңге (50 АЕК),  ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 194 460 теңге (70АЕК) және аса ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша 277 800 теңге  (100 АЕК) мөлшерінде ақшалай сыйақы беру реттілігі қарастырылған.

Бұған қоса, құны 2 778 000 теңге (1000 АЕК) асатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал мен көрсетілген қызметтер соммасының 10%-ын құрайды.

Бұл әдіс бармақ басты, көз қысты әрекеттердің анықталуын жеделдетіп қана қоймай, мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықтың азаюына және халықпен кері байланыстың сапасын арттыруда тиімді тетік көзіне айналып отыр.

Сондықтан, ел игілігі жолында жұдырықтай жұмылып, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фактілерін хабарлауда азаматтық белсенділікті арттыру қажеттігін алға тартамын. Мерейлі мемлекетіміздің кемел келешегін қалыптастыруда қоғамдық пікірдің құны қымбат, маңыздылығы жоғары екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Қарғабай Мирас Асқарбайұлы 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының Бірінші орынбасары

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...