Созақтағы цифрлы Қазақстан жайы

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған жолдауында цифрландыру жайы да сөз болған еді. Жолдауда Қасым- Жомарт Кемелұлы: « әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта Ұлт жоспарын және Бес институттық реформаны негізгі бағдар етіп ұстануымыз қажет.Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.Ендеше, іс-қимыл жоспары қандай болмақ?»- деп басталатын Ұлт жоспарының ІХ – сі «Цифрландыру- барлық реформаның негізгі элементі» бөлімінде:

«Цифрландыру – сәнге айналған үр­діске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабі­леттілігін арттырудың негізгі құралы.Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажет­тілікке айналып отыр.Әлеуметтік жағынан осал отбасы­лардың балалары компьютерлік техникамен және сапалы интернетпен қамтылуға тиіс. Осы жылдың соңына дейін 250-ден астам тұрғыныбар ауылдардың барлығына интернет жүргізіледі»,- деген болатын.

Міне, Президентіміз баса назар аударған «Цифрландыру» бағдарламасы біздің ауданымызда қандай қарқынмен жүріп жатқанын және бүкіл әлемде, елімізде орын алған карантин жағдайына байланысты үйінде онлайн сабақ алып жатқан ауыл балаларының интернетке қол жетімділігі қай деңгейде т. с . с .  сауалдарымызға жауап алу үшін Қазақтелеком АҚ- ның Созақ аудандық ЖТЦ- ның бастығы Нысанбаев Айдархан Әлтенұлына хабарласқан едік.  ҚР- ның құрметті байланысшысы Айдархан Әлтенұлы басқарып отырған мекеме Елбасының,  Мемлекет басшысының Қазақстанды цифрландыруға қатысты жолдауларын тек сөзбен ғана емес, іспен де қолдап- қуаттап жүрген ұжым. Ендеше, ауданымызда жүргізіліп отырған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына жауапты Қазақтелеком АҚ- ның өкіліне сөз кезегін берейік:

Жалпы, 2017 жылғы Қазақстан халқына кезекті жолдауында  Елбасы:

«Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құры­ла­тын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс­піз. Бұл – маңызды кешендіміндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан­кинг, цифрлықызметкөрсетусекіл­діденсаулықсақтау, білім беру ісін­деқол­данылатынжәнебасқа да перспек­тивалысалалардыдамытукерек. Бұлиндустрияларқазірдіңөзіндедамығанелдердіңэкономикаларыныңқұрылымынөзгертіп, дәстүрлісалаларғажаңа сапа дарытты», депнақтыбағдарберген болатын.

Міне, сол уақыттан бері біздің Қазақтелеком АҚ мемлекеттің тапсырысын орындап еліміздің түкпір- түкпіріне интернет желілерін алып баруда. Осы бағытта мен басшылық ететін Қазақтелеком АҚ «Созақ ЖТЦ» ұжымы да бірқатар шаруалар атқарып келеміз. Сондай жұмыстар биылғы жылы да өз жалғасын тауып отыр. Атап айтар болсам, жылдың басынан бері Құмкент, Бабата, Аққолтық, Қозмалдақ, Қарағұр, Созақ сынды 6 ауылға оптикалық талшықты кабельдер тартылып бітті. Енді тек ұялы телефондарға арналған КсеLL- дің LTE- 800 деп аталатын секундына 10- 20 мбит дейінгі жылдамдықпен жұмыс істейтін (модем) қондырғыларын орнату ғана қалды. Ол да әрине үкіметке байланысты. Олай дейтінім, жалпы «Цифрлы Қазақстан» жобасының авторы да жүзеге асырушысы да мемлекет. Дегенмен, осы салада жұмыс жасап, өз игілімізге де ел игілігне де үлес қосып жүрген біздің Қазақтелеком АҚ қолынан келгенінше осы бағытта үлесін қосуда. Нақтырақ айтсам, аудан орталығы Шолаққорған кентінде орналасқан 6 бірдей мектепке, аудандық аурухана мен білім бөліміне орнатылып, жұмыс жасап тұрған интернет желісіне қажетті оптикалық талшықты кабельдерді тартып, модем құрғыларын орнатып берген «Созақ ЖТЦ» болатын.

Тағы да айта кетейін, жоғарыда сөз еткен 6 ауылды мекенді цифрландыру ісі осы ісі Қазан айының соңында толығымен аяқталып, Қараша айында толыққанды іске қосылады деп үміттеніп отырмыз. Сондай- ақ, бір ескертетін жәйт, әлгі 6 ауылға тартылған интернет желісінің пайдасын әзірге тек бюджетке қарайтын мемлекеттік мекемелерғана көре алады. Жеке тұрғындарға аталмыш интернет желілерін тартып беру үшін мемлекеттің тапсырысын күтіп отрған жайымыз бар. Себебін жоғарыда айттым, жоба авторы үкімет деп. Дегенмен, құрғақ шөппен ауыз сүртуге де болмайды. Мысалға, Қазақтелеком АҚ- ның ықпалымен Жыныс елді мекеніне Радио көпір ортнатылып, 196 жеке тұрғын интернет желісінің игілігін көріп отыр. Десек- те, сіз айтқандай әлі де интернет желісі жетіп бармаған Қақпансор секілді т.б елді мекендер де бар. Олардың мәселесі де сол мемлекеттен бөлінетін қаржыға байланысты шешуін табады деп сендіремін. Ал енді, қайсыбір ауылдық мекендерде балалар онлайн сабақ орындай алмай отыр дегенмен онша келісе алмаймын. Себебі, қазір әрбір ауылда «Отау ТВ» бар. Сол «Отау ТВ»- ны пайдаланып, «Балапан» каналы арқылы да онлайн сабақтар орындауға болады деп есептеймін».

Мінеки, ел Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауында сөз болған «Цифрландыру» ісіне байланысты ауданымзда атқарылып жатқан істердің легі осындай болды. Алдағы уақыттарда да бұл игі іс өз жалғасын тауып, Созақ жұртшылығы барлық жұмыстарын үйде отырып- ақ тындыратын күн туады деп біз де сенеміз. Әсіресе, шалғай ауылдардағы жерлестеріміз бір ғана құжат үшін сарсылып аудан орталығына сабылмас деп үміттенеміз. Себебі, ауданымызды цифрландыруға жауапты Қазақтелеком АҚ «Созақ ЖТЦ» -ның бастығының өзі осыған аудан жұртшылығын сендіріп отыр. Ендеше, Нысанбаев Айдархан Әлтенұлы басқаратын «Созақ ЖТЦ» ұжымына осынау игілікті істерінде табыс пен абырой тілейміз. Өйткені, Теріскей жұртына цифрлы Қазақстан бағдарламасының жемісін жегізуде ол кісілерге абырой әбден керек болады.

Данияр Бек

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...