Созақ жұртының Сұлтанбектей саңлақ ұлына сыйы

Теріскейліктердің тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасаған ең үлкен сыйы 2021 жылдың 14 желтоқсанында лентасы қиылып, ел игілігіне берілген су жаңа музей болды. Заманында мемлекет және қоғам қайраткері болған Сұлтанбек Қожановтай саңлақ ұлына Созақ жұртының сыйы болды десек артық айтқандық болмас. Әрине, өз топырағынан шығып, исі қазаққа көшбасшылық жасаған тұлғаның атын өшірмес үшін теріскейліктер бұған дейін де ауданымыздың орталығы Шолаққорғанның бас көшелерінің бірінежәне орталық саябақтан ашылған музейге оның есімін берген болатын. Сондай- ақ, біртуар ұлының туған ауылынан қазіргі таңда 100 балаға арналған заманауи үлгідегі білім ошағы ашылып, VIII ғасырлық тарихы бар «Ақбикеш» мұнарасы да республикалық бюджет есебінен күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілген болатын. Жоғарыда айтқанымдай, ауданымыздың орталығынан 1994 жылы Сұлтанбек Қожановтың 100 жылдығына орай өлкетану музейі ашылып, күні бүгінге дейін жұмыс істеп келген болатын. Дегенмен, жылдан жылға музейдің ондағы жәдігерлердің қоры артып, музейдің сыйымдылығы кеміп келе жатыр еді. Міне, осы жағдайды ескерген аудан басшылығы «елу жылда ел жаңа» деп, өз жерінен шыққан мемлекет және қоғам қайраткерінің аты мен затына лайық музей үйін салуды ұйғарған болатын. Енді сол игілікті іс мәресіне жетіп, тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай толықтай бітіп, ел игілігіне беріліп отыр. Екі қабаттан тұратын зәулім музей ғимараты алыстан мен мұндалап, Шымкенттен Шолаққорғанға кіре берісте ауданымыздың орталығына кәдімгідей көрік беріп тұр. Тек, көрік беріп қана тұрған жоқ, тарихы терең Теріскей жұртының, сырлы Созақтың бар тарихын ішіне жинап, сырын сақтап тұр. Сол, сан ғасырлық тарихты ішіне көміп, сырларына сандық болған ғимараттың ашылу салтанатына алыс- жақыннан біраз азаматтар мен азаматшалар жиналды. Жиналғандардың арасында аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еспенбетов Қабыл Аманбекұлы және Сұлтанбек Қожановтың жерлестері мен ұрпақтары болды. Созақтан шығып, қазақтың мемлекет және қоғам қайраткері болған Сұлтанбек Қожановтың атын иеленген музейдің жаңа ғимаратының ашылуында сөз алғандар: Полатов Салыхан Сабырұлы, Қойлыбаев Әзімхан Серікұлы және Еспенбетов Қабыл Аманбекұлы Қожановтың өмірі мен мемлекет үшін атқарған істеріне тоқтап өтті. Сондай- ақ, ашылғалы отырған музейдің ауданымыздың, облысымыз бен Республикамыз руханияты үшін маңыздылығы жайлы сөз етті. Онан соң Сұлтанбек Қожановқа арналып қойылған бюстінің жамылғысы алынып, жаңа музейдің лентасы қиылды. Мұнан әрі салтанатты шараға жиналған қауым музейге кіріп, ондағы жәдігерлермен танысты. Бұл орайда музейдің ашылуына келген құрметті меймандарға осы су жаңа ғимараттың директоры Дүйсенбеков Ниязәлі Омарбекұлы мен мәдениет саласының үздігі Гүлнар Өмірбек музей жәдігерлерін арнайы таныстырды. Тоқсан жылдан аса тарихы бар ауданымыздың өткені мен бүгініне тоқталды.  Ауданымыздыңтарихы мен шежіресінен толықтай хабардар Нәкең мен Гүлекеңнің таныстыруы жиылған жұрттың көңілінен шықты.

Бұған дейін тар ғимаратта қысылып, лайықты деңгейде көзге көрінбей, сырын ішіне бүгіп жатқан көне жәдігерлер де жаңа ғимаратқа келгендерін сезіп, сөйлеп ала жөнелгендей әсер қалдырды жиылған жұртшылыққа. Музейдің екі ғимаратына да кірсең, шыққысыз. Әрбір көне жәдігер: «Жаныма жақын кел дағы сырымды ұқ, келер ұрпаққа ұғындыр!» деп тұрғандай. Созақ жұрты, Қазақ елінің ертеңі үшін басын бәйгеге тігіп, өзінің жан рахатынан баз кешкен асыл азамат, Сұлтанбек Қожановтың алдындағы перзенттік борыш осылай ғана өтелсе керек- ті. Ендеше, саңлақ Сұлтанбектің есімін иемденген өлкетану музейі барша Қазақ еліне,Созақ жұртшылығына құтты болсын! Музейдің екі қабаты да қазақтың, созақтың арғы- бергі тарихынан сыр шертіп, тамашалап келген қонақтарына қызметін ұсына берсін. Созақ руханиятына сүбелі үлес қосар өлкентану музейіне келіп, Теріскейдің тарихымен танысып, жандарына азық алар көрермендері көп болсын!

Данияр Бек

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news