Шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде

Созақ ауданында ауылшаруашылық саласында ілгерілеу жұмыстары жүргізілуде. Олай дейтініміз, Созақ ауданындағы Созақ ауылының тұрғыны, «Болыс-Ата» шаруақожалығының төрағасы Рысметов Шәріпжан Айтметұлы «ҚазАгроҚаржы» акцонерлік қоғамы арқылы Беларусь МТЗ-892-2  доңғалақты тракторын 12 млн теңгеге 7 жылға лизингке алды. Оның 2 млн 700 мың теңгесін мемлекет тарапынан субсидияланып отыр.

Рысметов Шәріпжан Айтметұлы «Болыс-Ата» шаруақожалығын 2015 жылы құрып, сол уақыттан бері аудан тұрғындарын жоңышқа, жүгері, қауын мен қарбыз, қызанақ пен картоп өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған жайы бар. Одан бөлек, еліміздің ірі қалалары Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Шымкентке сапалы, экологиялық таза қауын-қарбызды жіберіп отырған.

2019 жылы Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласына 200 тоннадан астам қарбыз жөнелтсе, 2020 жылы карантиндік тосқауылға қарамастан Башқұртстан мемлекетінің Октябрьск қаласына 100 тоннадан астам қарбыз жөнелткен.

-Шаруаның тынымсыз еңбегінің арқасында 70 тоннадан астам жоңышқа, 20 тоннадан астам жүгері жинаса, 1 гектардан 80-90 тонна қарбыз өндірген. Алдағы уақытта Шәріпжан Айтметұлы «Болыс-Ата» шаруақожалығын жұмыс көлемін кеңейтіп, алатын өнімінде арттыратынын жеткізді.Ауылшаруашылық саласына мемлекеттік бағдарламалар арқылы осындай қолдау жасалып отырса, жұмыстары да өнімді болары сөзсіз,-дейді Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директорыАрман Анарбаев. Техникамен өзін өзі қамтыған диханның алдағы тірлігіне тек береке мен молшылық тілейміз.

Мақсат Қарғабай

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news