«Самұрық-Қазына» тартқан сый

«Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік маңызы бар бес нысанды облыс әкімдігіне тегін тапсырды. Олар – Қ.А.Ясауи мұражайы, 7000 орынды стадион, Оқушылар сарайы, Конгресс-холл және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимараты.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістандағы жаңа нысандардың құрылысы 2019 жылдың қазан айында қор мен Түркістан облысы әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында басталған болатын.

Түркістанға тапсырылған әлеуметтік бес нысан – атқарылған жұмыс нәтижелерінің жемісі болып табылады.

«Жыл басынан бері біз әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысына кірістік. Олардың біріншісі – амфитеатр жыл басында пайдалануға берілді, қалған бесеуін Түркістан облысының әкімдігіне төлеусіз тапсыруға дайынбыз. Құрылыс барысында әкімдік тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетілді» деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде облыс әкімі қорға алғыс айтып, Түркістан өлкесінің дамуына қосқан үлесі туралы жаңа меморандумға қол қойды.

«Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың Түркістанды жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында сіз басқарып отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры облыс орталығындағы әлеуметтік маңызы бар бес нысанның құрылысын сәтті жүзеге асырды» деді Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар, қор өңірде газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым саласындағы бірқатар жобаларды іске асыруды жалғастыруда. Әлеуметтік саланы дамытуға және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы қор Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. Қор Арыс қаласында 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау нысанын, 4 спорт нысанын, колледж, теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы мен орталық алаңды қалпына келтірді.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news