Сабыр сақтағанымыз абзал

 Дана халқымыз «Сабыр түбі сары алтын» дегенді бекер айтпаған ғой. Елімізде соңғы уақыттарда болып жатқан оқиға барлығымызды сабырлы болуға шақырады. Өйткені әртүрлі теріс пиғылды адамдардың сөзіне еріп арандап қалуға болмайды.

 Егеменді еліміздің тыныштығына кедергісін келтіріп, айрандай ұйып отырған халықтың арасына іріткі салып отырғандардың әрекетіне тосқауыл қоюымыз керек.

 Біз қашаннан да бейбітшілік сүйген халықпыз. Өткен жылы ғана Тәуелсіздіктің 30 жылдығын ойдағыдай тойладық. Осынау мерзім ішіндегі жеткен жетістігіміздің барлығы да тыныштықтың, береке мен бірліктің арқасында келгендігін біздер аға буын өкілдері жақсы түсініп, сезінеміз.

 Ақпарат құралдарына Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сабырлылыққа шақырған мәлімдемесін тыңдап, ел басшысының сөзін қолдап, ел тыныштығын сақтауға үлес қосуға барша аудан халқын шақырамын.

 «Бақ қайда барасың? Ынтымақ пен бірлікке барамын» дегендей еліміздегі ынтымақ пен бірлікке, бейбіт өмірге ешнәрсе жетпейді.

 Біздер-көпті көрген, талай оқиғаларды бастан кешірген ұрпақтың өкіліміз. Қазіргі қалыптасқан жағдайда баршамыз сабырлылық сақтап, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын сақтағанымыз дұрыс.

Барлығынан бізге қымбаты-бейбіт өмір, адамдардың амандығы болып тұр.

Қабылбек еспенбетов,

Созақ ауданының Құрметті азаматы,

Аудандық  Ардагерлер және Қоғамдық кеңестің төрағасы

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news