Президент Түркістан облысы әкімінің есебін тыңдады

  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өңірде қалыптасқан қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы телефон арқылы сөйлесті.

 Түркістан облысының әкімі Президентке коронавирустың таралуы бойынша өңірдің қазіргі таңда «жасыл» аймақта екенін және 35 мың тұрғынның вакцина алғанын баяндады.

 Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Сауран ауданын құру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, қазір жаңа әкімдіктің басқару жүйесі мен бюджеті бекітілуде. Жуық арада құқық қорғау органдары мен министрліктердің жергілікті бөлімшелері жұмыс істей бастайды. Жаңадан құрылып жатқан ауданның халқы 100 мыңнан асады, жалпы аумағы 650 мың гектарға жуық. Ауданның әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы.

 Сонымен қатар әңгімелесу барысында электр қуатының апаттық жағдайда сөнуінен болған зардаптарды қалпына келтіру, көктемгі су тасқынының алдын алу және егіс науқанына судың жетіспеушілігі проблемасын шешу мәселелеріне баса мән берілді.

 Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және азаматтарды вакциналау жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Latest news

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Қартау...

Абай -арда алаштың перзенті

Халел Досмұхамедұлы Абай жинағын баспаға дайындағанда Қазақ-Қырғыз білім комиссиясының ұйғаруымен қазақ емлесін пайдалана отырып, жаңылыс басылған сөздерді түзеп, өлеңнің мәнісіне оқушылар анық түсіну үшін...

Аудан әкімі егіс алқабын аралады

Теріскейлік шаруалар егін науқанын бастап кеткеніне оншақты күннің жүзі болды. Жон бойында ауданның 77 шаруа қожалығы 8010 гектар тәліми жерге егін егіп отыр. Олар...

Құқықтық кеңес берілді

“AMANAT”партиясының “Халыққа көмек” партиялық жобасы аясында, аудандық партия филиалының жылдық жоспарына сәйкес, бүгінгі күні Қаратау, Қарақұр ауыл округінде ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған...

Related news