Президент солтүстікке қоныс аударған азаматтармен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті іссапар барысында мемлекеттік қолдаумен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған азаматтармен кездесті. Оларға арнап Қызылжар ауданының Чапаево ауылында баспана салу жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырылған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдан бастап ауыл әкімдері тұңғыш рет сайланатынын, бұл бастама демократияның айқын көрінісі екенін айтты.

– Әкімдер ауылдағы проблемаларды бәрінен жақсы біледі. Сондықтан ауыл тұрғындары өздерінің мәселелерін ең алдымен сіздерге айтады. Көптеген арыз-шағымдарды жергілікті жерде шешуге болады. Әсіресе, ауылдық жерлерде ауыз су мәселесін шешу өте өзекті. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды. Соның нәтижесінде жергілікті жерлердегі инфрақұрылым дамиды, жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыста бұл мәселе тиісті деңгейде іске асырылып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі мен мемлекеттік басқару мәселесіне де тоқталды.

– Мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда мемлекеттік қызмет жүйесі жабық болмауы керек екенін айттым. Бізге ойы ұшқыр, ақылды жастар керек. Бізде Тұңғыш Президентіміздің саясатының арқасында өте жақсы білім алған жастар көп. Сондықтан біз мемлекеттік қызметке жастарды шақырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Президентке өзге өңірлерден көшіп келген дәрігер, мұғалім, механизатор және басқа да мамандық иелеріне гранттар берілетінін, сондай-ақ, олар жаңа жалдамалы баспанамен және жұмыспен қамтамасыз етілетінін айтты.

Кездесу соңында ауыл әкімдері мен өңірге жаңадан қоныс аударып келген тұрғындар мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news