Праймериз қатысушылары марапатталды

 Сейсенбі күні Халықтың партиясы — «Nur Otan-ның» атынан праймеризге қатысқан барша азаматтарға облыстық партия филиалы төрағасы Ө.Е.Шөкеевтің «Алғыс хаттарын» аудандық филиал төрағасы С.Полатов табыстады.
Батыс елдерінде кеңінен пайдаланылатын праймериз енді еліміздің саяси өмірінде де көрініс тапты. Қоғам дамуына үлес қосамын дейтін кез- келген азамат, өзін үміткер ретінде ұсынып, нағыз көш басшы ретінде танылуға үлкен мүмкіндік туды.
«Nur Otan» партиясының ішкі іріктеуіне 3240 мүшесі бар Созақ ауданы да белсенді түрде қатысты. Партия мүшелері 14 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Праймеризге 70 адам тіркелді, 4 азамат өз өтінішімен бас тартты. 66 үміткер бақтарын сынады. Олар бастауыш партия ұйымдарында өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Әр ауыл округтерінде 12 топқа бөлініп, жария пікір сайысқа қатысты, сақтық шараларын сақтай отырып үгіт-насихат шараларын өткізді. Әлемді жайлаған пандемияға байланысты онлайн дауыс беру ұйымдастырылды. Ашықтық үлгісі ретінде өткен іріктеуге, аудандағы партия мүшелері белсенді түрде қатысты. Жалпы 2937 азамат онлайн дауыс берді. Бұл дауыс берушілердің 91 пайызын құрап отыр. Қатысқан 66 адамнан – 1-і азамат Парламент мәжілісіне, 4 –і облыстық мәслихатқа, 63 аудандық маслихатқа үміткер ретінде тіркеліп, қатысты.
«Осындай жауапты сәтте, партия арқылы шын берілген, жаңашыл азаматтар таңдалды деп есептеймін. Алдағы уақытта да партиямен бірге еліміздің, ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді атсалысады деп сенемін»- деген С.Полатов жиынды қорытындылады.

«Созақ үні»-ақпарат»

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news