«Пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне дайын болуымыз керек»

 «Елбасының төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті» деп хабарлайды Elbasy.kz.

 Кездесуде халықтың денсаулығы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

 Ең алдымен Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, әскери қызметкерлердің және коронавирус инфекциясымен күресуге үлес қосқан басқа да сала өкілдерінің жанқиярлық еңбегін атап өтті.

 Кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі А.Цой қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дайындық туралы баяндама жасады. Сонымен қатар, Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ұлттық экономика министрі Р.Дәленовтің әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі тәуекелдері мен олардың алдын алу шаралары туралы, сондай-ақ Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің білім беру процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы есептерін тыңдады.

 Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық пандемияның «екінші толқынына» ресурстарды дайындау, алдын алудың кешенді шараларын әзірлеу қажеттігін, сондай-ақ сырқаттану деңгейін шынайы бағалау мен болжаудың маңыздылығын атап өтті.

 – Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму болжамын, қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктердің тұжырымдамалық жоспарын әзірлеу қажет. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі даму жоспарын бүгінгі жағдайларды ескере отырып, тағы да пысықтау керек. Біз пандемиямен күрестің ең қиын сценарийіне және онымен байланысты қауіп-қатерлерге дайын болуымыз керек, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news