Отын мен үміт қатар жанды

                            «Қараша, желтоқсанмен сол бір- екі ай,

Қыстың басы бірі ерте, біреуі жай»,- демекші, биылғы қыс ерте түсті. Алғашқы суық болған соң ба, бойымыз үйрене алмай жатқан жағдайымыз бар. Бірлі- жарым болмаса елдің дені көпшілігі қысқа даярлығын көріп болды. Десек- те, жылдағы әкімшіліктің мұрындық болуымен таратылатын әлеуметтік, қайырымдылық жолымен таратылатын көмір отынын күтіп жүрген жерлестеріміз де жоқ емес екен. Олай дейтінім, менің де Болатбекова Ақжібек есімді нағашы жеңгем бар еді. Өзі мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы, жалғызбасты ана болған соң жылда осы тегін көмірдің бөлінуін екі көзі төрт болып күтіп отыратын. Биыл да солай болды. Дегенмен, бұл жолғы үміті ерекше жанды. Себебі, есігінің алдына түскен екі тонна көмір жылдағыдан ерекше. Ерекше дейтінім, жеңгемнің, жеңгем секілді әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың барлығының өзі ірі өзі жанғыш көмірді көріп, көңілдері кәдімгідей жайланды. Әйтпесе, жылдағы алған көмірлеріне бірі шүкір етсе де бірінің көңілі толмай жататын. Тегін көмір алып, балаша қуанған айналамдағы адамдардың алғысын естіген соң, өзім әдейілеп хабарласайын, мәселенің жай- жапсарын үйреніп, қуанышты хабарды оқырмандарыммен бөлісейін дедім. Содан, Шолаққорған ауыл әкімдігіне хабарласқанымда кент басшысы Әділ Камалұлы мен орынбасары Талғат Әуесханұлының қызметкерлерімен қоса теміржолдың астындағы жылу базасында жүргенін естідім. Сөйтсем, қарашаның 16 күні басталған қайырымдылық шарасы 17- күні әлі жалғасын табуда екен. Жылу базасына барған газетіміздің фототілшісінің айтуынша, көмір алуға келгенмазаматтардан да көліктен аяқ алып жүру мүмкін болмаған. Сонша қарбалас жұмысының арасында уақыт тауып, біздің газетімізге сұхбат берген ауыл әкімі Әділ Елібаевтың сөзінен ұққанымыз, жылдағы әдеттерінше ауылдық округтегі көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға бір жәрдеміміз тисінші деп, 2015 жылдан бері қатты отын түсіріп беретін тұрақты демеушілеріне шыққан. Сөйтіп, ұзақ жылдардан бері ауданымыздың аумағынан уран өндіріп отырған ТОО «СП «Инкай» компаниясының басшылығына хатпен шыққан көрінеді. Елімізде орын алған карантин және қаржы дағдарысы өздеріне де кәдімгідей материалдық шығын келтіріп отырған компания басшылары ә, дегенде мақұлдай қоймаса да өздері жерін пайдаланып отырған елдің әлеуметтік ахуалын ақылдан өткеріп, көмек қолын созуды ұйғарыпты. Тіпті, өздерінің азаматтық борышы санағандары сондай, арнайы өкілдері келіп, екі күннен бері қайырымдылық шараны өздері бақылауда екен. Сондай- ақ, ауыл әкімдігі берген тізімді қолдарына алып, үйме- үй жүріп аз қамтылған отбасылардың тұрмыс жағдайымен танысқан көрінеді. Сонымен қатар, Шолаққорған ауыл әкімдігіне қарасты 353 отбасыға тиесілі 12 вагон, 706 тонна көмірдің сапасын да айрықша қадағалапты. Еткен ниеті мен еңбегі жанған ауыл әкімі Елібаев Әділ мырза осы жәйттың бәрін сондай ықыласпен әңгімелеп берді, тура бір өзі қайырымдылық алған не берген адам дер сырттай қараған адам. Тіпті, газетіміз арқылы  ТОО «СП «Инкай» компаниясына демеушілік жасап екі тонна көмірден 353 тұрғынның есігінің алдына дейін жеткізіп бергені үшін шын жүректен алғыс айтатынын жеткізді. А, бұл арада айта кеткен жөн бұған дейін, жылда 237 отбасы тегін көмірмен қамтылып келген екен. Мына дағдарысты жағдайларға қарамай 116 отбасына тегін көмекті арттырып отырған «Инкай» компаниясы ұжымының жасап отырған қайырымдылық шарасы н ерлікке парапар демеске шарамыз жоқ. Сондай- ақ, бұл «ТОО «СП «Инкай» компаниясы мұнан бөлек те көптеген қайырымдылық шараларына мұрындық боп жүрген көрінеді. Атап айтар болсақ, жылда осындай көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңажылдық сыйлықтар үлестіретін көрінеді. Биылғы жылы да осы үрдіс жалғасын таппақ екен. Тек, бұл жолғы жаңа жылдық сый- сыяпат мына карантин жағдайына байланысты жаңа форматта өтетінге ұқсайды. Яғни, тұл жетім, жартылай жетім және мүгедек балдардың үйлеріне жеткізіліп беріледі деп жоспарланып отырған көрінеді.

Мұнымен де қалмай, қайырымдылық көмірді жеткізуші, жылу базасының иесі Әуесханов Нұрлан Ержанұлына да рахметін айтты. Себебі, Нұрлан Ержанұлы тізімде болмаса да жағдайын айтып келген бірнеше азамат, азаматшаларды кері бос қайтаруға дәті шыдамай өз есебінен оларға да тегін көмір үлестірген көрінеді.

Иә, шынында да бұл күн тек отын жаққан емес, тұрмыстың тауқыметі еңсесін езген,аз қамтылған отбасылардың жергілікті билікке деген үміттерінің отын жаққан күн болды. Міне, әкімдіктің халыққа жақындығы осылай болуы тиіс. Ендеше, өзге ауыл әкімдері де Әділ Камалұлынан үлгі алып, ауыл тұрғындарының отын да үмітін де жақсын. Сондай- ақ, ТОО «СП «Инкай» компаниясының 757 қызметкерінің барлығына да сауаптан жазсын, дендері сау, отбасылары аман болсын! Алдағы уақыттарда да игі істердің басы- қасында жүріп, елдің алғысына бөленсін!

Данияр Құлмаханбетұлы

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...