Онлайн сауда мал бағасының қымбаттауына жол бермеді

Бүгінде электронды сауданың қызметіне жүгінетіндер көп. Пандемия кезінде, әсіресе, мал саудасының онлайн түрі қыза түсті. Атап айтсақ, Бәйдібек ауданының шаруалары үйден шықпай-ақ, малын өткізіп, нәпақасын тауып отыр. Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жас кәсіпкерлермен кездесіп, ата кәсіпті нәсіпке айналдырған азаматтардың батыл бастамаларын қолдады.

«Креативті ойлап, заман ағымына қарай батыл қадам баса білген өте дұрыс. Кез келген кәсіптің қыр-сырын меңгерген адам өз қатарынан озады. Карантин кезінде кәсіптің көзін тауып, электронды коммерцияға көшкен бетбұрыстарыңыз үлгі болар іс» деді Өмірзақ Естайұлы ауыл жастарымен кездесу барысында.

Жаңа буын өкілдері Ақбастау елді мекеніндегі «Ernur корпорациясы» жеке серіктестігінің кешенді шаруашылығында бас қосты. Олардың барлығы егін және мал шаруашылығын мықтап қолға алған.

Ауыл тұрғыны Алмаз Алтайұлы асыл тұқымды ірі мал санын арттыруды қолға алған. Карантинді кедергі көрмеген азамат онлайн тапсырыс беру арқылы таулы Алтайдан калмақтың асыл тұқымды 121 сиырын сатып алған. Әлеуметтік желінің көмегімен шетелден төрт түлікті тапсырыспен алдырған азамат осылайша артық шығыннан арылғанын айтады.

«Коронавирус індетіне байланысты мал базаларының жабылуы бізге бөгет болған жоқ. Ел арасында жиі пайдаланылатын мессенджерлерде сауда жүретін чаттар бар. Онлайн базарда жылқы, сиыр, қой, ешкі және үй құстарының түр-түрін, тіпті экзотикалық тауыс құсына дейін сатып алуға болады» дейді ол.

Аудан жастары төрт түлікті саудалауға арналған сайтты тиімді пайдаланып отыр. Әзірге  мал сатып алу-сату үшін 7000-ға жуық тұрғын «WhatsApp» пен «Telegram» мессенджерлері арқылы «Берекелі Бәйдібек» «Бәйдібек Мал Базары» чатына тіркелген.

«Карантин кезінде ауылдағы жас кәсіпкерлер ортақ чат ашып, сауданы жалғастырдық. Бұрындары әр демалыс сайын халық малын жетектеп, мал базарына ағылатын еді. Онда орын үшін қаржы шығындайды. Күні бойы тұрып, малы өтсе өтті, өтпесе қайта жетектеп үйіне қайтады. Сондықтан бәріне ортақ проблеманы осылай шештік. Алда арнайы сайт ашып, Бәйдібек ауданының мал шаруашылығын әрі қарай дамытуды көздейміз» дейді шаруа қожалығының басшысы Абылай Қайратұлы.

Ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек, осы жылдың 9 айында өңірде мал басы шамамен 5-7, ал, ет өндіру 2,2 пайызға артқан.

Ғаламтордағы сауда негізінен maltabu.kz, malsatu.kz, malbazar.kz, және whatsApp, Telegram желілері арқылы қызады. Мал тұқымын асылдандыру үшін шетелден мал әкелетіндер де бар. Олар да өз таңдауын онлайн арқылы білдіреді. Карантинге қарамай биылдыққа сырттан 3000-ға жуық ірі қара сатып алынған. Одан бөлек түйе шаруашылығын жолға қою үшін 1305 Ойсылқара тұқымы сатып алынған. Жүйелі жұмыстардың арқасында өңірде мал бағасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік туған.

Нәтижесінде мал баққан шаруалар да шығынға батпай, өңірде төрт түлік өнімінің негізсіз қымбаттауына жол берілмеген. Үлгі алатын-ақ іс емес пе?!

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news