Облыс басшысы құрылыс алаңдарын аралады

Қазіргі уақытта Түркістан қаласында 24 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Баспаналар жоспар бойынша жыл соңына дейін тапсырылады. Көппәтерлі тұрғын үйдің сапасын тексеріп шыққан өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев тиісті сала жетекшілеріне сақтық шараларын күшейте отырып, жұмысты тоқтатпауды тапсырды.

Облыс басшысы бұдан соң құрылысы қызу жүріп жатқан 7000 адамға лайықталған алып стадионда болды. Облысымызда футбол бәсекелері, ірі спорттық додалар мен мәдени іс-шаралар өтетін спорт нысанының демеушісі – «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Мұнда 2 спорт залы, табиғи футбол алаңы, әкімшілік бөлмелер бар.

Өңір басшылығының шешімімен Кентау–Түркістан бағытындағы жол бойынан тоқтаусыз су ағызу мақсатында тасарықтың құрылысы жоспарланған болатын. Былтыр оның 4 шақырымы жүргізілсе, биыл 600 метр тасарықтың құрылысы аяқталды.

Түркістан қаласының ажарын арттырған «Парасат» саябағы да ерекше кейіпке еніп келеді. Мұнда қайта жаңарту жұмыстары аясында салынған жасанды көл мен көпірлер және 420 метр тасарық келесі айдың соңында толығымен аяқталмақ. Нәтижесінде саябақ сумен қамтылып, ол қайтадан «Арыс-Түркістан» каналына жіберіледі. Ал, Түркістан–Кентау бағытындағы жолдың екі шетіндегі тасарықтың бір бөлігі «Парасатты», екінші бөлігі жол бойындағы жасыл желекті суландырады.

Өмірзақ Естайұлы Түркістанның брендіне айналатын негізгі жобалардың бірі – «Керуен сарайдың» құрылыс аумағында болды. Мердігер мекеме – «Sembol contruction». Құрылыс биыл қыркүйек айында аяқталады деп жоспарлануда.

Облыс әкімі тиісті басқарма басшыларына Түркістандағы абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сай аяқтауды тапсырып, құрылыстың сапасы қатаң бақылауда екенін ескертті.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news