Нақты ұсыныстар талқыланды

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасы алаңында облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың қатысуымен Өңірлік кеңес жанындағы агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі комитетінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынға Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов, қаржы институттарының өкілдері мен агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі комитетінің мүшелері қатысты.

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков шаруалардың өзекті мәселелерін толыққанды қарау және оларды шешу жолдарын іздестіру үшін тиісті мемлекеттік құрылым басшыларының арнайы шақырылғандығын атап өтті.

Мәжіліске онлайн форматта қатысқан облыстағы 15 ауданның кәсіпкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдеріне көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныс-тілектерін білдірді.

Ашық әңгіме барысында жергілікті шаруалардың жүйелі мәселелері қозғалып, оларды шешу бойынша ұсыныстар талқыланды.

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов өз кезегінде АӨК саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Мәжіліс барысында сонымен қатар, мақта шаруашылығындағы элиталық тұқымдарды кеңінен қолдану арқылы өнімділікті арттыру, агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңғырту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мен субсидиялау сияқты өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Жиын барысында мұндай кездесулерді тоқсан сайын өткізіп отыру жайы келісілді.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news