Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандар саны едәуір азайды

Дәрігерлердің пікірінше, инфекцияның одан әрі таралуын болдырмау үшін қала әкімдігі қабылдаған шаралар оң нәтиже беріп отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

 Бұған «Қазақстан» спорт кешенінде орналасқан ПТР-тестілеудің модульдік зертханасы нәтижелері дәлел бола алады. Күн сайын зертхана 800-ден мыңға дейін тест алады, дейді мобильді ПТР-зертхана меңгерушісі Юлия Третьякова.

«Біз 21 маусымда жұмысымызды бастадық. Бірінші аптада жалпы тест санының 47%-ы ауруды растаған нәтиже берді. Бүгінде тек 20%-ы ғана расталды. Яғни COVID-19 жұқтырғандардың саны едәуір төмендегені байқалады. Демек, карантин бойынша қабылданған барлық шаралардың пайдасы болды», дейді Ю.Третьякова.

Дәрігердің айтуынша, тест нәтижелері бір күн ішінде дайын болады. Науқастар өз емханаларында ПТР анализ тапсырады, содан кейін материал зертханаға жеткізіледі. Анализ қорытындысы электронды нұсқада емханалардағы емдеуші дәрігерлерге немесе стационарларға бірден түседі.

«Біздің зертханада 20 адам қызмет етеді. Мұнда дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер мен еріктілер бар. Өте үлкен жұмыс көлемі операторларға жүктеледі. Себебі анализдерді жан-жаққа жіберу, электронды нұсқасын жасау және уақытылы беру қажет. Сондай-ақ, ең қауіпті болып саналатын бірінші бокста биологиялық материалдарды қабылдау жүргізіледі, бізге волонтерлер көмектеседі», деп атап өтті мобильді ПТР-зертханасының меңгерушісі.

Қалада күніне 5 мыңға дейін талдау жүргізетін жалпы 9 зертхана бар. 23 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтанда 9 068 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, 6 200 науқас емделіп шыққан.

«Егемен Қазақстан» газетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news