«МЫҢ АЛҒЫС» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ СОЗАҚТА ДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

 Қазақстан Халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған «Мың алғыс» акциясы Созақ ауданында өз жалғасын тапты. Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков бастаған топ аудандық аурухананың провизорлық бөлімшесінде өз отбасынан, балаларынан алыстап, коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер мен кіші медициналық қызметкерлерге алғыс білдірді. Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.

 Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков «Құрметті медицина қызметкерлері! Сіздер елімізге пандемия басталғалы бері күн-түн демей арпалысып, отбасыларыңыздан жырақта білімдеріңіз бен күштеріңізді жұмсап, бастарыңызды қауіп-қатерге тігіп аянбай еңбек етіп жатырсыздар. Сіздерге осынау еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Сіздерге мықты денсаулық, кәсіби өрлеу, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз» деп ақжарма тілегін жеткізді. Созақ аудандық Орталық ауруханасының Бас дәрігері Талғат Әлішерұлы Қалдыбеков пен Таукент кенті емханасының меңгерушісі Алма Мейрамбекқызы Құрманбекованың өңірлеріне Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Мейірім» медалін тақты.

 Акцияға Созақ ауданы әкімдігі мен Жастар Ресурстық Орталығы қызметкерлері, Jas Otan жастар қанатының мүшелері, Value волонтерлар ұйымы белсене атсалысты.

«Созақ үні» — ақпарат».

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news