Мобильді топ жұмысын жалғастырды

Иә, біруақыт тыншып қалғандай болған короновирус инфекциялық дерті қайта күш алғандай сыңай танытуда. Дәлірек айтсақ, елордамыз Нұрсұлтан мен Түркістан облысында COVID- 19 инфекциялық дерті өршіп барады. Әрине, бұл жөнінде БАҚ мен әлеуметтік желілерде ресми ақпараттар жариялануда. «Tengrinews.kz» тілшісінің айтуынша, әлемде короновирус жұқтырғандардың саны 18 маусым күні 8,3 миллион адамды құрапты. Сондай- ақ, осы «Tengrinews,кz» сайты мәліметіне сүйеніп отырған Джон Хопкинс Университетінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда COVID- 19 дертін дүние жүзі бойынша нақты 8 320 288 адам жұқтырған болса, солардың 447 628- і пандемияның құрбаны болған. Ал, бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп тұрған бұл инфекциялық дерттен емделіп, жазылып шыққандардың саны 4 035 605 адамға жетіп отыр.

Міне, осы ретте Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7- 1 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, 21- бабы 12 тармағының 6) тармақшасының, 150 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында короновирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №37 қаулысының талаптарын орындау мақсатында және Түркістан облысы аумағында короновирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын- алу мақсатында 2020 жылғы 06 маусымда шыққан №23 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Әрине, қаулының күші қаулымен жойылатыны немесе күшейтілетіні баршаға аян. Сол себепті жаңадан 16. 06. 2020 жылы шыққан №24 қаулыға сәйкес облысымыздың бас санитары Нұрбек Садықбекұлы төмендегіше қаулы етеді:

  1. Қаулының 1 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылысын.

6) 65 жастан асқан адамдардың аса қажетсіз көшеге шығуы шектелсін;

7) 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынады;

8) отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан артық жиналмасын;

  1. Қаулының 1 тармағының, 2) тармақшасы мынадай редакцияда өзгертілсін:

Азаматтардың саябақтарда, алаңдарда, скверлерде, су бұрқақатарда жағалауларда серуендеуіне тыйым салынсын;

3.Қаулының 2 тармағы келесі тармақпен толықтырылсын:

4) Қоғамдық орындардың, оның ішінде: саябақтардың, скверлердің, алаңдардың, жағалаулардың, су бұрқақтардың және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жұмыстары тоқтатылсын;

4.Қаулының 3 тармақшасының 2), 13), 17), 18), 22) тармақшалары  мынадай редакцияда жазылсын;

— Азық- түлік және азық- түлік емес базарлары бір күн санитариялық- дезинфекциялық режимді күшейте отырып санитарлық күнге жабылсын және жұмысы аптаның 6 күні ішінде сағат 10. 00- ден 17. 00- ге дейін шектелсін.

— Халыққа қызмет көрсету орталықтарының» жұмысын сағат 10. 00- ден 17. 00- ге дейін шектелсін;

— СПА орталықтарының, моншалардың, сауналардың, бассейндердің, жағажайлардың санитарлық- дезинфекциялық режимді күшейте отырып, жұмысы сағат 10. 00- ден 20. 00- ге дейін шектелсін;

— Халық үшін фитнес- қызмет көрсету бойынша спорт кешендерінің жұмысын сағат 10. 00- ден 20. 00- ге дейін шектелсін;

— Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың және олардың филиалдарының, кеңселерінің басшыларына қызметкерлердің кемінде 75 пайыз қашықтан жұмыс режиміне ауыстырсын. Бұл ретте тұратын жері бойынша жұмыс үшін жауапкершілік бірінші басшыға немесе ол тағайындаған жауапты тұлғаға жүктеледі.

Осыған орай кеше, маусымның 17 күні мобильдік топ шығып, ауданымыздың орталығы Шолаққорған кентіндегі «Қазпочта» мекемесін, азық- түлік дүкендерін, сұлулық салондарын, орталық базардағы дәмханалар мен көкөніс базарларын аралап, ескерту жұмыстарын жүргізді. Мобильдік топтың құрамында: Түкістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Әбдіқадыр Әділ Асанұлы және аталмыш мекменің Созақ аудандық бөлімінің бөлім басшылары: Е. Төребеков пен М. Ғафур, Түркістан облысы «Кәсіпкерлер палатасы», Созақ аудандық филиалының маманы Б. Саржанов, аудандық Полиция бөлімінің қызметкері және БАҚ өкілдері болды. Мобильдік топ өздері аралаған кәсіпкерлік нысандардың барлығының иелерімен жолығып, Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлының 16. 06. 2020 жылы шыққан №24 қаулысын түсіндірді және сақтық шараларын сақтау қай деңгейде екенін көздерімен көріп қайтты. Сондай- ақ, қаулыда көрсетілген сақтық шараларын бұзған жағдайда тиісті айыппұлдар салынатынын да ескертіп кетті.

Жалпы, мобильдік топтың мүшесі, Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Әбдіқадыр Әділ Асанұлыныңсөзінен ауданымыз бойынша сақтық шараларына деген жауапкершіліктің бар екендігін және қанағаттанарлық екенін ұқтық. Дегенмен, облыстан келген мейман арқаны кеңге салып қоймай, сақтық шараларын әлі де күшейте түсуге шақырды.

Данияр Бек

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...