Мәдениет үйі ашылды

Қарақұр ауыл округінде жаңа мәдениет үйінің ғимараты пайдалануға берілді. Кеңес үкіметінен қалған ескі мәдениет үйі тоқсаныншы жылдары жарамсыз болғандықтан бұзылып, тұрғындар әр мерекелік кешті жергілікті мектепте өткізетін. 2300 тарта тұрғын бар ауылға мәдениет үйі жетіспейтін. Аудан әкімінің халықпен кездесуінде де бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Бүгін қарақұрлықтардың көптен күткен арманы орындалды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай мәдениет үйі ашылды.
Жаңа мәдениет үйінің ашылу салтанатында сөйлеген аудан әкімі Салыхан Полатов жұртшылықты ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтап, мәдениеттің өсуі–халықтың өсуі, ұлттың өркендеуі екенін жеткізді.
«Сондықтан да мемлекет мәдениет саласының дамуына ерекше мән беріп келеді. Созақ ауданында да бұл салада үлкен жұмыстар атқарылды. Күллі қазақ үшін құнды мәдени ескерткіш–Ақбикеш мұнарасы қайта жөндеуден өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы Қазақстанның киелі жерлерінің географиясына енген тарихи құнды жәдігер, «Таңбалы тас» тарихи ескерткішіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Аққолтық елді мекеніндегі мәдениет үйінің құрылысы басталды. Сұлтанбек Қожанов атындағы зәулім музей құрылысы аяқталды. Мерейлі мереке қарсаңында пайдалануға беріліп, тарихтан сыр шертетін рухани-мәдени орталыққа айналады. Міне, бүгін Қарақұр елді мекеніндегі мәдениет үйі Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылып отыр. Бұл бәріміз үшін үлкен қуаныш», деді.
Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталды. Мерейлі мереке ҚР Тәуелсіздігінің 30  жылдығында салтанатты түрде тұсауы кесілді. Заманауи үлгіде соғылған 75 орындық мәдениет үйі,  шығармашылық орынға айналады.

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news