КОМПЬЮТЕРЛЕР СЫЙЛАДЫ

        Көктемнен бері әлекке салған коронавирус пандемиясы білім саласына зор зиянын тигізді. Ұстаз бен шәкірттің арасын ажыратып, дәстүрлі білім беру жүйесінің ырғағын бұзды.

Сан ғасырлардан бері білім мұғалым мен шәкірттің жүзбе-жүз қатынасы арқылы беріліп келеді. Сапалы білім алу үшін әдет­тегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Бірақ бүгінде коронавирус пандемиясынан сақтану мақсатында сабақтар онлайн режимінде өтіп, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен ата-аналардың сындарлы сәттегі жауапкершілігі арқасында балалардың мағыналы білім алуларына барынша мүмкіндіктер жасалып жатыр.

Қазіргі таңда ауданымызда 23 мектепте қашықтықтан білім беріліп жатса, 12 мектепте оқу үдерісі  сақтық шараларын қатаң сақтана отырып штаттық режимде жүріп жатыр.

Бұрын ата-ана ұл-қызына қағаз-қалам, кітап сияқты құралдар алып берсе, қазір оған планшет, смартфон, компьютер сияқты құралдар қосылды. Бұл уақытша қиындыққа баласының болашағын ойлаған әрбір ата-ана түсіністікпен қарап, қолдан келгенше техникалық құралдармен қамтамасыз етіп жатыр. Ал көпбалалы отбасылар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға мемлекет тарапынан, демеушілер тарапынан жәрдем көрсетілуде.

Созақ ауданы балаларының сапалы білім алуларына кішкене де болса көмек беру мақсатында «Katco» қазақ-француз біріккен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 дана компьютер сыйға тартты. Бұл компьютерлер оқу ордаларына бөлініп берілді. Мектептер бұл компьютерлерді арнайы құрылған комиссияның ұйғарымымен аса мұқтаж отбасыларға уақытша пайдалануға беретін болады.

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мамыр Әбдиев: «Құрылғалы бері өзінің филантроптық қызметімен танымал «Katco» компаниясының мына қиын-қыстау шақта ауданымыздың білім саласына көрсеткен зор қолдауы үшін алғысымыз шексіз. Бұл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың балаларының сапалы білім алуларына үлкен көмек» деді компьютерлерді мектептерге тапсыру рәсімінде.

Айта кететін жәйт, «Katco» компаниясы коронавирус пандемиясымен күреске белсене атсалысты: 100 млн. теңгеге Түркістан облысының және Шымкент қаласының ауруханаларына 6 дана ИВЛ аппаратын сатып алып берді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына қомақты қаржы аударды.

Жандос НАРҒОЗИН  

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news