Кесене күмбезі жаңартылды

 Үш жылдан бері жабық тұрған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі күмбезін жаңарту жұмыстары аяқталды. Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қабаттары ретке келтірілді. Қазір күмбез етегіндегі сегіз қырмен қосылған жерінде гидрооқшаулау жұмыстары аяқталуға жақын.

 Күмбезді қайта қалпына келтіру жұмыстары облыс әкімі Ө.Шөкеевтің жіті қадағалауымен Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе жүргізілуде.

 «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи орындарда қайта қалпына келтіру жұмыстары, ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан магистральды көше бойында археологиялық қазба жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

 Ал, Күлтөбе қалашығында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде 2019 жылы 5000-нан аса біздің эрамызға дейінгі І ғасырда жасалған әшекейлі алтын бұйымдар табылған.

 Бұдан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында туристер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақталады. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыстары жүргізіліп, табылған жәдігерлер туристердің көз қуанышына айналмақ.

Сондай-ақ, Б.Саттарханов даңғылы аумағында этноауыл салынуда.

 Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде атқарылған жұмыстардың барлығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілуде. Кесенедегі қайта қалпына келтіру жұмыстарымен таяуда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова келіп танысып қайтты.

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news