«Кентау Түркістанмен қатар дамиды»

  Апталық мәжіліс отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Атқарылған жұмыстар жайлы баяндаған Кентау қаласының әкімі Дәурен Махажанов шаһардың даму жоспарымен таныстырды.

  Кентау қаласы бойынша биыл бірқатар инвестициялық жобалар іске қосылмақ. Атап айтсақ, Кентау қаласы маңындағы Қотырбұлақ елді мекенінде салынып жатқан күн сәулесінен қуат алатын электростанса құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. «Hevel Kazahstan» ЖШС жүзеге асырып жатқан жобаның құны – 15,9 млрд. теңге. Сондай-ақ, Кентауда полиэтиленді труба шығару цехы, радиатор шығару цехы және темір-бетон бұйымдарын өндіру зауыты биыл іске қосылады.

  «Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Кентау қаласына қарасты Шаға және Ораңғай ауылдарында 1 мектеп күрделі жөндеуден өтті. 36 шақырым жол жөнделіп, жаяу жүргіншілер жолдары салынды, көшелер жарықтандырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен 1 мектеп күрделі, 35 мектеп ағымдағы жөндеуден өтуде. Көшелер реттеліп, саябақтар абаттандырылды.

  Көпір мен жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде. Аталған бағдарлама аясында 300-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарланған» деді Кентау қаласының әкімі.

  Өмірзақ Естайұлы кезінде өндірісі өркендеген 65 жылдық тарихы бар Кентау қаласын Түркістанмен қатар дамытуды мықтап қолға алуды тапсырды. Шаһар басшысына Кентау қаласына қарасты ауылдық округ халқының әлеуметтік, құрылыс, инфрақұрылымдық мұң-мұқтаждары мен өзекті мәселелерін дер кезінде шешуді жүктеді. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өндіріс саласын дамытып, инновациялық жобаларға басымдық беруді міндеттеді.

Latest news

Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков 1-қазан Халықаралық қарттар күніне орай 90 жастағы Мами Дадабекұлы мен 91 жастағы Бәтжан Махажанқызының отбасына барып, мерекемен құттықтады. Сый-сияпат жасап,...

ТАҒАЙЫНДАУ!!!

РАЙЫМҚҰЛОВ ЕРЛАН БОЛАТХАНҰЛЫ аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Аудан әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы Райымқұлов Ерлан...

Құттықтау!

Қарты бар елдің қазынасы мол Құрметтi аудан тұрғындары! Қадiрлi ардагерлер! Сіздерді 1 қазан - Халықаралық қарттар күнiмен шын жүректен құттықтаймыз! Біз қашанда «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізден»...

Таукент кенті округі әкімі қызметіне кірісті

2022 жылдың 18 қыркүйек күні өткен Таукент кент округі әкімінің сайлау қорытындысына сәйкес Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 18 қыркүйек күнгі №118...

Related news