Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына тыйым салынып, өңірде жаппай рейдтік іс-шаралар өтеді.

Бір апта ішінде өңірде Covid-19 инфекциясын жұқтырған 59 адам тіркелді. Соңғы тәулікте облыс аумағында қауіпті індет жұқтырған 16 адам анықталған. Олардың басым бөлігі шекара асып, алыс жолдан келгендер. Сырқаттанғандардың арасында пандемияны жиын-тойлардан жұқтырғандар көп. Осы ретте өңірде коронавирус инфекциясына шалдыққандар санының арту қаупі бар.

Алдағы ақпан – маусым айларында Түркістан облысын 180 мың доза Спутник-V вакцинасымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл – еліміз бойынша ең көп сұраныс. Түркістан облысында пандемия басталғалы 364 700 адамнан ПТР тест алынды.

Мереке күндері Түркістан облыстық полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген күн тәртібінде қызмет атқарады. Азаматтардың жаппай жиналу орындарында полиция жасақшыларының тығыздылығы күшейтілді. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 635 қызметкер, 69 арнайы автокөлік жұмылдырылып, орналастыру жоспарымен бекітіліп, қызмет атқарады.

Облыс әкімінің төрағалығымен өткізілетін лездемелік мәжілісте облыс бюджетінің игерілуі және жыл қорытындысы бойынша күтілетін болжамды орындалуы, облыс бюджеті есебінен құрылысы жүргізіліп, газбен қамтамасыз ету нысандарын «ҚазТрансГаз» АҚ-ның теңгеріміне өткізу және аудан, қалаларда газ қызметін құру жұмыстарының барысы ортаға салынды.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаеваның баяндамасы тыңдалды.

Келесі жылы Түркістан облысында «Әлеуметтік қызметтер порталы» жұмысын бастайды. Яғни мүгедектігі бар азаматтар мемлекеттік сатып алусыз-ақ, тікелей оңалту шараларын сапалы және делдалсыз еркін таңдауға толық мүмкіндік алып отыр. Ол үшін мүгедектігі бар азаматтар электрондық-цифрлық қолтаңбамен толық қамтамасыз етіледі.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news