Карантин талаптары қатаңдатылды

 Түркістан облысында жаңа қаулыға сәйкес, барлық мемлекеттік мекемелердің кеңселік қызметкерлері 50% қашықтықтан жұмыс істеуге ауысады. Сондай-ақ, бұған дейін рұқсат берілген жұма және тарауих намаздары уақытша тоқтатылып, еске алу, ауызашар сынды отбасылық іс-шараларға тыйым салынады. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді.

 Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарына жұмыс және демалыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін қызмет көрсетуге рұқсат берілді. Ғимараттың іші 50%-ға дейін ғана толтырылуы тиіс.

 «Жаңа қаулы бойынша облыстағы барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылады. Бильярд, боулинг, компьютерлік клубтардың қызметіне, ойын-сауық орталықтарындағы балалардың ойын алаңшаларына, аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Ал, театрларда бұған дейін көрермендердің толымдылығы 50%-ға дейін қызмет көрсетіп келсе, енді 20% толымдылықта қызмет көрсетеді» деді Нұрбек Садықбекұлы.

 Түркістан облысында сәуір айынан бастап жалпыхалықтық ерікті түрде екпе салдыру жұмыстары басталды. Алгоритмге сәйкес, қала және аудан тұрғындары екпені жергілікті емханалардың егу кабинеттерінде жоспарланған тізім бойынша және алдын-ала жазылу бойынша салдырады.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Latest news

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Қартау...

Абай -арда алаштың перзенті

Халел Досмұхамедұлы Абай жинағын баспаға дайындағанда Қазақ-Қырғыз білім комиссиясының ұйғаруымен қазақ емлесін пайдалана отырып, жаңылыс басылған сөздерді түзеп, өлеңнің мәнісіне оқушылар анық түсіну үшін...

Аудан әкімі егіс алқабын аралады

Теріскейлік шаруалар егін науқанын бастап кеткеніне оншақты күннің жүзі болды. Жон бойында ауданның 77 шаруа қожалығы 8010 гектар тәліми жерге егін егіп отыр. Олар...

Құқықтық кеңес берілді

“AMANAT”партиясының “Халыққа көмек” партиялық жобасы аясында, аудандық партия филиалының жылдық жоспарына сәйкес, бүгінгі күні Қаратау, Қарақұр ауыл округінде ауыл тұрғындарына кәсіпкерлік саланы дамытуға арналған...

Related news