Көктемгі дала жұмыстары үшін арзан несие беріле бастады

«Аграрлық несие корпорациясы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша егіс науқанын қаржыландыруға кірісті» деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы қазақстандық фермерлерге көктемгі дала жұмыстарына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосымша қаржылық көмек көрсетуді тапсырды. Қаражат қайтарымсыз емес, бірақ, жеңілдетілген шарттармен беріледі. Фермерлерге 6 пайызбен 100 миллиард теңге беру қарастырылған. Қаржы 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Негізгі қарызды несие мерзімі аяқталғаннан кейін өтеуге болады.

«Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Егін егу науқаны басталғаннан бастап, АНК қаражат беруді тездету және жеңілдету мақсатында бизнес-процестерді оңтайландырды. Атап айтқанда, 30 күнтізбелік күнде қаралатын өтініштер 10 күн ішінде тексеріліп, шешім шығару қарастырылды. Өткізетін құжаттар тізімі де қысқарады. Бүгінгі таңда АНК фермерлерге шамамен 6 млрд. теңге бөлді. Жақында Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды аяқтады. Нәтижесінде 70 млрд. теңгені 5 пайызбен 2 405 шағын және орта бизнес өкілі алды» делінген хабарламада.

Осылайша, «Кең дала» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 170 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің осындай ауқымды қолдауы шаруалардың уақтылы және еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

«Оңтүстік Қазақстан»  гәзетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news