Кәсіпкерлермен кездесті

Қараша айының 30 күні Шолаққорған ауылындағы Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында аудан кәсіпкерлерінің басын қосқан жиын өтті. Шараның ұйымдастырушысы Созақ аудандық прокуратурасы мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалы. Жиынның мақсаты: Аудан кәсіпкерлерінің құқығын қорғап, қолдау көрсету жайы еді.

Шараға аудан прокурорының орынбасары Жағыппаров Алмас Бақытұлы мен Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры Анарбаев Арман Қаламбайұлы, аудандық мәслихаттың депутаттары және аудан кәсіпкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Арман Қаламбайұлы сөз сөйлеп ашты және әрдайым аудан кәсіпкерлерінің жұмысын үйлестіріп, құқықтық негізде бағыт- бағдар беріп отырған ұжымның басшысының сөзі төмендегіше өрбіді:

«Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын дамыту бойынша кәсіпкерлердің қосқан үлесі орасан зор. Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден- бір факторлардың бірі. Бүгінгі таңда кісіпкерлікке кең ауқымда мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту мәселелері жолға қойылып отыр. Қазіргі кезде Қазақстан өзінің посткризистік кезеңінде экономикалық өсуінің басты көрсеткіші және оны ары қарай дамытушы болып табылатын кәсіпкерлік сала екенін түсінеді.

Кәсіпкерлік мәселелері бүкіл іскерлік әлемді толқытып отыр. Кәсіпкерлікті жетілдіру- экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қылыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет.

Ал енді кәсіпкерлік қызметті дамыту  мақсатында мемлекет тарапынан мынадай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

-Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

-Мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

-Жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

-Кәсіпкерлер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

-Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою

-Тексеруші органдарды қысқарту;

-Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету т.б».

Мұнан соң сөз алған аудан прокурорының орынбасары Алмас Бақытұлы:

«Құрметті аудан кәсіпкерлері! Өздеріңіз білетіндей, осыдан екі жыл бұрын Елбасының пәрменімен кәсіпкерлердің құқығын корғау мақсатында 2020 жылдан 2023 жылға дейін мараторий жаряиланған болатын. Осы мараторий аясында республикамыздың барлық кәсіпкерлері салықтан босатылған және түрлі тексерулерден қорғалған. Әрине, бұл өз кезегінде отандық кәсіпкеерлер үшін үлкен бір мүмкіндік. Әсіресе, мынадай пандемия мен қаржы дағдарысы екі бүйірден қысқан заманда кәдімгідей пайдасын көріп отырған жағдайларыңыз бар. Міне осы бағытта біздің аудандық прокуратура қызметкерлері кәсіпкерлердің құқығының бұзылмауын жіті қадағалауда. Дегенмен, қанша жерден құқықтары бұзылса да біздің кәсіпкер азаматтарымыз қазақшылыққа, ағайындыққа салып сондай заңбұзушылықтарды жасырады. Яғни, құқық қорғау орындарына арыз-шағым түсірмейді. Әйтпесе, бұл мәселеге байланысты ауданымызда арнайы мобильдік топ құрылған және ол топ күні бүгінге дейін жұмыс істеп жатыр. Бірақ, біздің жұмысымыз осы екен деп, прокуратура қызметкерлері де мобильдік топ мүшелері де күні- түні кәсіпкерлікнысандарды аралап, тәртіп бұзушылықты іздеп жүре алмаймыз ғой. Жалпы, кәсіпкерлердің құқығын бұзушылық көбінесе бақылаушы органдардың тарапынан болып жатады. Оның ішінде, құжаттарды рәсімдеу барысында өрескел заңбұзушылықтар болып жатады. Бірақ, сол баяғы кәсіпкерлеріміздің құқықтың сауаиыны төмендігі мен ағайынгершілікке салынуы сондай тәртіп бұзушылықтардың алдын алуға кедергі боп жатады. Сол себепті де бүгін кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен осындай дөңгелек үстел өткізіп отырмыз. Ендеше, дөңгелетіп отырған кәсіптеріңізгеқатысты қандай да бір заң бұзушылықтар орын алған болса, ортаға салыңыздар. Сондай- ақ, айтар ойларыңыз бен ұсыныс- пікірлеріңіз болса тыңдауға, сауалдарыңызға да жауап беруге әзірміз!»- деп сөзін аяқтады.

Айтса айтқандай- ақ, кәсіпкерлер тарапынан мынадай заң бұзушылықтар болып жатыр арыз- шағым болмады. Дегенмен, кәсіпкерлігін жаңа бастап келе жатқан азаматтарға құжаттарын рәсімдеуде немесе несие алу мәселелерінде қолдаулар болса деген ойлар айтылды. Әсіресе, біздің аудан кәсіпкерлерінің несие алуына қатысты бірқанша әкімшілік кедергілер бар көрінеді. Соның ең бастысы, біздің аудан азаматтарының тарапынан кепілге қойған мүліктері банктер тарапынан өте төмен бағаланады делінді. Әрине, бұл жөнінде аудан әкімдігі де прокуратура мен кәсіпкерлік палата да хабардар екен. Тек, бұл ретте қолдан келер шара жоқ екен. Себебі, біздің ауданымыздың шалғай ауылдарындағы кепілдікке тігілетін мүліктерді сатқан күнде банктер қымбат бағаға сата алмайтын көрінеді. Сондықтан да банктер өздерінің бас пайдасы үшін әлгі ауылдардан шыққан кәсіпкерлеріміздің мүлкін ең төмен бағамен бағалайтынға ұқсайды.

Мұнан былайғы жердегі әңгіме ауаны кәсіпкерлерден гөрі тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесіне ойысты. Оның ең басты себебі бүгінгі дөңгелек үстелге жиылған азамат- азаматшалардың көпшілігі жалпы бұқара халық секілді бірінші кезекте тұтынушы болуы еді. Сол мәселерге нақты тоқталып өтер болсақ: Азық- түліктің, жанар- жағармайдың, отын- су мен мал азығының бағасының аса шарықтап кеткені сөз болды. Жалпы, жиынға келгендердің бәрінің ойы баға мәселесін тұрақтандырып, жүйеге келтіру жайлы болды. Сондай- ақ, ауданымыздағы көптеген кәсіптік нысандар тарапынан тұтынушыға чек берілмейтіні ерекше сөз болды. Сонымен қатар, жиынға қатысушы кәсіпке әрі қоғам белсендісі Жұмақов Талғат Бейсенбекұлы тарапынан аудандық прокуратура өкілі Жағыппаров Алмас Бақытұлына мына мазмұнда сұрақ болды: «Күні бүгінге дейін сіздерге аудан кәсіпкерлері тарапынан құқығы бұзылғаны жөнінде түскен нақты бір арыз- шағым болды ма? – Алмас Бақытұлы: «Жоқ, мен осы қызметке келгелі бері ондай арыз- шағым болмады!»- деп жауап берді. Әрине, бұл жағдай әлі де кәсіпкерлеріміз бен тұтынушының арасында құқықтық және саудаға қатысты білімді және мәдениетті көтеру керек екендігін көрсетіп берді. Жалпы, дөңгелек үстелде көтерілген мәселелер өзінің қаншалықты өзекті екенін көрсетті. Олай дейтінім, пруратура мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерінен бөлек, аудандық мәслихаттың депуттаттары да кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері аталмыш мәселеде аса белсенділік танытты. Әсіресе, кәсіпкерлер арасынан  Жұмақов Талғат Бейсенбекұлы, Ерназаров Шора Тоғжанұлы және Айдарбеков Мұхтар Ізтілеуұлы кәсіпкер мен тұтынушының құқығын сақтап, қорғау жөніндегі өздерінің ойларын еркін ортаға салып отырды. Тағы да аудан кәсіпкерлері, оның ішінде ауыл және мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының иелерінің тарапынан қозғалған: орман шаруашылығының қорындағы жерлерді пайдалануға қатысты сауалдар қызу талқыланды. Кәсіпкерлер мен басқа да жиынға қатысушы азамат- азаматшалардың ұсыныс- пікірлерін қойын дәптерлеріне түртіп алған прокуратура мен кәсіпкерлік палата өкілдері А. Жағыппаров пен А. Анарбаев алдағы уақыттарда да осындай дөңгелек үстерді жиі өткізуге және бүгінгі жиында жауабын таппаған сауалдарға жауапты сонда беретіндіктерін мәлімдеді. Сонымен, қатар баға мәселесіне қатысты қозғалған әңгімелер де прокуратураның назарында болатына сендірді. Сонымен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында басталып, соңы тұтынушылардың құқығын ұмытпау жайын көтерген жиын өз мәресіне жетті.

Данияр Бек

Latest news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...

Related news

Үйдегі нарықты базардағы баға бұзады немесе азық-түлік бағасы қайтсе тұрақтанады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжлісінің отырысында сөйлеген сөзінде елдегі жағдайларды бағамдай келе «Қаржы жүйесі мен көлік саласының, азық-түлік жеткізу ісінің еш кедергісіз...

Президент бастамасын құптаймыз

Ауданның тұрғыны, тұтынушы ретінде ел ішіндегі қымбатшылық бәрімізге сезілді. Бұл жөнінде уақытысында депутаттар тарапынан да көптеген ұсыныстар, пікірлер, талаптар алға тартылған. Дегенмен бағаны ұстап...

Ынтымақ пен бірлік-еліміздің ең басты құндылығы

Президенттің парламент мәжілісінің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде ел өміріндегі өзекті мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда елдің дамуына негізгі өзек болатын экономикалық саясат, оның ішінде өнеркәсіпті,...

Берекелі қоғам-бірліктің бастауы

Жылдың басы елімізге қилы да қиын кезеңмен келді. Қымбатшылық қысқан қара халықтың талап-тілегін айту мақсатында бейбіт түрде бастаған шерудің арты адам күтпеген кезеңдерге алып...