Халықтың әл-ауқаты-басты қадам

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен мәжілісінде жариялаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауы қазіргі күрделі кезеңде республика халқын елең еткізген ерекше Жолдау болды. Жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемия зардаптары сейілмей отырған бүгінгі таңда экономикалық дағдарыс пен халықтың әл-ауқатының төмендеуі әрбір азаматты толғандырып, көкейде мың-сан сауал туындатып отырғаны белгілі.Мемлекет басшысы өзінің жаңа Жолдауында мемлекет пен қоғам өмірінің әр саласына қатысты ой-пікірлері мен тың идеяларын, ұсыныстары мен тиісті органдарға арналған тапсырмаларын ортаға сала келіп, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға тиянақты әрі көкейге қонымды жауап берді.

 Президенттің айтуынша, әлем соңғы 100 жыл ішінде болмаған аса күрделі дағдарысты бастан өткеруде. Жаһандық экономиканы қайта қалпына келтіру үшін кемінде 5 жылға дейін уақыт қажет дейді сарапшылар. «Сондықтан әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаға тың серпін беруіміз керек» деген Президент жаңа реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды. Ол, әсіресе мемлекет басқарудың, жаңа жағдайдағы экономикалық дамудың, теңгерімді аумақтық дамудың, азаматтардың әл-ауқатын жақсартудың, қол жетімді әрі сапалы білім берудің, денсаулық сақтау саласын дамытудың, әділетті мемлекет құрудың, азаматтарды мемлекет басқару ісіне қатыстырудың жаңа үлгілерін ұсынды.

 Жолдаудағы осы мәселеге арнайы тоқталғалы отырмын. Мемлекет басшысы 2019 жылғы Жолдауында білім сапасын жақсарту, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақ­тықты азайту, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейту, дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау, жоғары білім­нің сапасына қол жеткізіп, бә­се­кеге қабілетті мамандар даярлау сияқты өзекті мәселелерді көтергені белгілі. Бұл міндеттер бү­гін­де орындалу үстінде. Ал енді Пре­­зи­дент Қ.Тоқаев биылғы жаңа Жол­­дау­ында да білім мен ғылым са­ла­сын­дағы жаңа мәселелерге тоқталған.

 Биылғы пандемия білім сала­сы­на да зардабын аз тигізген жоқ. Індет салдарынан мектеп оқу­шы­лары мен студенттер қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсі­лі мен мазмұны түбегейлі өзгеру­де. Қашықтан оқытуды ұйым­дас­тыруда жіберілген кемшіліктер көп. Осы арада Президент әлі күнге бізде нақты бір онлайн-платформа болмағандықтан мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермей отырғанын айтты. Бұл мәселені шешу үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу туралы тапсырма берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастарымен араласып оқудың жөні бөлек екенін, бұл үшін санитарлық талаптарды сақтай оты­рып, білім алудың дәстүрлі тәсі­ліне қайта көшу қажеттігін ескертті. «Күнделікті мәселелерді ше­шу ­мен қатар, балалардың бәріне бір­дей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бала­ларымыз қай жерде жүрсе де, қан­дай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек»,-деді Қ.Тоқаев.

 Білім саласындағы басты мә­се­ленің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы екенін айтқан Президент 2021 жылдың қаңтарынан бастап олардың жалақысын 25 пайызға кө­бей­тетінін назарға салды. 2025 жыл­ға дейін 6 жасқа дейінгі бала­лар мектепке дейінгі тәрбиемен жә­не оқытумен 100 пайыз қам­ты­лады. Мемлекет қарапайым ауыл мек­тептеріне қолдау көрсету арқылы қала мен ауылдағы білім беру са­ласындағы алшақтықты қысқартады.Президент азаматтардың сауат­тылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.Кәсіби білім берудің бүкіл жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандар қалыптастыруға бағытталуға тиіс. Біздің заман – кәсіпкерлердің заманы. Кәсіпкерлік қабілет әр балаға жас кезінен дарытылуы керек. Бұл үшін «Кәсіпкерлік негіздері» пәні мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін тегіс оқытылуы керектігін ескерт­ті Президент. Балаларды спорт пен дене тәрбиесіне тарту, «Бала­лар үйірмелерін» қалпына келті­ру назарға алынды. Осы арада Пре­зи­дент балаларға зорлық-зомбы­лық жасаушылардың жазасы қатай­тылатынына да назар аударды.

 «Ғылым саласын дамыту туралы да айтқым келеді. Бұл мәселеде бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1 мың грант бөлуді тапсырамын», деген Президент ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе шикізат саласындағы компаниялардың қаражаты екенін, олар тапқан табыстың 1 пайызын ғылым мен технологияны дамытуға беру туралы қолданыстағы норма талаптары сақталмай отырғанын ескертті.Президент Үкіметке осы қара­жатты жинақтау ісін орталық­тан­дыруды және оның бюджет арқылы жалпыұлттық ғылыми басымдыққа сай бөлінуін қамта­ма­сыз етуді тап­сырды. Ірі бизнес өкілдерін өңір­лік университеттердің ғылыми қыз­­метін қамқорлыққа алуға ша­қыр­ған Мем­лекет басшысы елімізді ғы­лыми-техно­логиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі ар­наулы бағ­дарламалық құжат қажет екенін айтты. Оның басты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ.

 – Республикада пандемияны ауыздықтау үшін Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен нақты шаралар дер кезінде қабылданды. Үкіметтің шешімдерін қолдай отырып, ҰҒА отандастарымызға мәлімдеме жасады («EQ», 10 сәуір). Онда қауіпсіздік шараларымен қатар, ірі өндіріс орындарында жасалатын іс шараларға назар аударды. COVID-19 пандемиясының қауіпті екені, алайда бұл жайт қорқынышқа себеп болмау керектігі айтылды. Өйткені ғалымдар белгілі дәрілерден тұратын тиімді комбинациялар жасады және емдеудің түрлі терапевтік әдістемелерін әзірледі.

 Биылғы жылы тоқсан жылдығын атап өтіп жатқан аудандық «Созақ үні» газеті әлемдік пандемия басталған күннен туындап жатқан түрлі қиыншылықтарға қарамай толассыз қарқынды жұмыс жасады. Біз-журналистер қауымы полициялар мен дәрігерлермен қатарласа халықтың қайнаған ішінде болдық.  Аудан әлеуетін көтеру жолында табандылықпен әлі де еңбек ете береміз.

Мақсат Қарғабай

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...