«Халықтық кеңсе» ашылды

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдараламасы аясында,                            ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігінде «Халықтық кеңсе» ашылды. Онда, электронды түрде алынатын мемлекеттік қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. Жобаның негізгі мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасы мен халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға тікелей ықпал етеді.

Бүгінгі күнге дейін ауылдық округтері мен кенттері әкімдіктерінде және оған бағынысты мекемелерінде ашылған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Аталған бұрыштардың жұмысын жандандыру мақсатында  халықтық кеңседен де «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына» арнайы орын беріліп, «Бір терезе» қағидасында қызмет көрсетілуде. «Бұл халыққа барынша қолайлы жағдай туғызып, ашықтықты арттыруға және тұтынушылардың кедергісіз қызмет алуына мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігіне қарасты жер қатынастары, ауыл шаруашылық, білім, дене шынықтыру және спорт, экономика және қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен жұмыспен қамту орталығының қызметтерін бір жерден алуға мүмкіндігі бар. Аталған бөлімдермен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтінішпен келген аудан тұрғындарына кеңес беру арқылы қызмет көрсетуде. Бұрынғыдай әр мекемеге барып, кабинет іздеп жүрмейді. Барлығы осы жерде арнайы ұйымдастырылған.

Сондықтан да, аудан тұрғындары аптаның дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 9:00-ден 19:00-ге (түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы) дейін қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін аудан әкімдігі ғимаратаның бірінші қабатында орналасқан «Халықтық кеңсеге» келіп алуына болатындығын хабарлаймыз.

Созақ ауданы әкімдігінің ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі

Latest news

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 Үстіміздегі жылдың 30 наурыз күні Сызған, Созақ ауылдық округтері мен Таукент кентінде аудан прокуратурасының прокуроры Б.Бейсембай мен аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Е.Айтжанның...

Карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Түркістан облысында карантиндік шектеу шараларын күшейтуді тапсырды. Алдағы мерекелік күндері халықтың шоғырлануына...

Елбасы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылғы дамуы жөніндегі...

Темірден түйін түйген

Сызған ауылында туып-өскен Қанаев Жұмағали ағамыз ( бұл кісіні барлығы "Жұман " деп атайды) темірден түйін түйеді. Мектепті бітіргеннен кейін ауылдағы гаражға жұмысқа тұрғаннан...

Related news