Халықаралық әуежай жыл соңында пайдалануға беріледі

  Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында салынып жатқан халықаралық әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысын тексерді. Қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен бой көтеруде. «YDA Group» түрік компаниясы салып жатқан Түркістан халықаралық әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 102 арнайы техника мен 300-ден аса құрылысшы тынымсыз еңбек етуде.

  Туризм әлеуетін арттыру үшін облыста арнайы бағдарлама әзірленіп, 2025 жылға дейін Түркістанға келуші туристер санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта халықаралық әуежайдан екі күнде бір рет Түркістаннан Меккеге тікелей рейс ашу көзделген. Бұл мәселе былтыр желтоқсан айында Түркістан облысының Мәскеудегі өткен күндері барысында айтылды. Іс-шараға туристік компаниялар, туризм саласындағы қоғамдық бірлестік ұйымдары, қауымдастықтар мен мемлекеттік ұйымдар қатысты.

  Әуежай 900 гектар аумақты қамтиды. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салынады. Әуежай терминалы жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайға баратын автомобиль жолының жалпы ұзындығы –16,3 шақырым.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінен

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news