«Farab» кітапханасы – әлем назарында

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен бірге «Farab» кітапханасын аралады. Көпфункционалды білім кешені болып жасақталған елімізде теңдесі жоқ жаңа кітапхана заманауи технологиялармен жабдықталған жастар орталығына айналуда. Орталық шығармашылық пен шабытты ұштастырып, бірегей жобаларды жүзеге асыратын кешен ретінде барша кітапқұмар қауымның сүйікті мекеніне айналмақ. Ол үшін барлық жағдай жасалған.

Жаңа кітапхананы тамашалауға ҚР Дүниежүзілік мұра ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Воякин, ҚР ҰҒА академигі, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев, академик, Буниятова Шығыстану институты директорының орынбасары Шайм Мұстафаев, антропология департаментінің профессоры, Louis Вашингтон университетінің қызметкері Майкл Фрачетти, археолог, ғылым докторы, Татарстан Республикасы археология институтының директоры Халикова, Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Айрат Сидиков, археолог, тарих ғылымдарының докторы, Германия археологиялық институтының корреспондент мүшесі Виктор Зайберт келді.

Робототехника бойынша 2019 жылы өткен әлем чемпионатында 3-орынға ие болған команда «Farab» кітапханасында еңбек етуге кірісті. Fab-lab өндіріс зертханасында жарық көрген жаңа дүниелерді таныстырған жастар заманауи ошақтың қыр-сырымен бөлісті. Айтуларынша, бес машинаның қарапайым жиынтығын қолдана отырып, кез келген адам ойындағы дүниені жүзеге асыруға, сәндік заттардан компьютерге дейін жасауға толық мүмкіндіктері бар. Яғни мұнда келген кез келген адам кез келген дүниені өз қолымен жасап шығара алады.

Кітапханада ескі құжаттар мен кітаптарды қайта қалпына келтіруге арналған цех ашылған. Мұндай цех Орта Азия бойынша жалғыз осы Түркістанда ғана бар. 3D моделін жасауға арналған проекциялық бөлме, каллиграфия және өнер студиясы, қыш құмыра жасауға арналған шеберхана да қызмет көрсетеді. Орталықта кітапқұмар қауым бір-бірімен кездесіп, бас қоса алады. Жаңа туындылардың тұсауын кесуге арналған үлкен зал заманға сай жабдықталған. Кітапханада ғылыми-зерттеу орталығы, яғни негізгі кітап сақтау қоймасы орналасқан. Бұл жерде өте сирек кездесетін кітаптар мен монускриптілер сақтаулы. Шетелдік ғалымдарды кітап қоры таң қалдырды. Олардың назарына көне кітаптар, қолжазбалар мен құжаттардың мұрағаты ұсынылды.

Түркістан шаһарына арнайы келген шетелдік ірі ғалымдар мен археологтар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен «Түркістанға 3000 жыл» атты «дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысты. Онда тарих ғылымдарының докторы, Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры Бауыржан Байтанаев тарихқа өзгеріс әкелетін тың жаңалығымен бөлісті. Ғалым Түркістанның жасын есептеген кезде кеңес дәуірінің деректері қолданылғанын және бұл ақпараттың қазір маңызы жоқ екенін мәлімдеді.

«Түркістан аумағындағы археологиялық кешендерді зерттей отырып, біз екі ежелгі қорымдарды ашамыз. Мұнда табылған жерлемелер мен атрибуттар біздің дәуірімізге дейінгі XV ғасырға жататыны сөзсіз. Бұл жәдігерлер мұнда өмір сүрген тайпалар мәйіттерді осында жерлегенін және осы қаланың аумағында өмір сүргенін көрсетеді» деді ол.

Latest news

Өшпес ерлік пен даңқтың иелері Құрметті ардагерлер, Отан қорғаушылар! Қадірлі тыл еңбеккерлері мен жерлестер!

  Сіздерді– 9 мамыр Жеңіс күнімен және 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 9 мамыр бұл – адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс...

Көктем көркі-Қызғалдақ

  Әлемде қызғалдақтың 2500-ге тарта түрі бар екен. Қазақстанның далалық аймақта­рында қызғалдақтың 35-ке жуық түрі өседі. Оның 11 түрі эндемикалық болып табылады. Альберт қызғалдағы,...

Ерменбайдың махаббаты (Әңгіме)

   Мектеп бітірген жылы Алматы қаласына жоғары оқу орнына түсу үшін жолға шықтым. Бұрын ауылдан ұзап шықпаған мен бұл оқиға жүрегіме ерекше қуаныш сыйлады....

Ауылым алтын бесігім

Түркістан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе  ауылдық округіне қарасты Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендерінде ауылдық округ әкімі Есенқабыл Болаттың ұйымдастыруымен 2021 жылдың 19-24 сәуірі аралығында...

Related news